Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған концерт өтті

Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған концерт өтті

Биыл 100 жылдығы тойланып жатқан Роза Бағланованың қазақ халқы үшін орны ерекше. Жақында Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, Халық қаһарманы, бұл бұл үнді әншінің 100 жылдығына орайластырылып, "Айналайын халқымнан еркелеткен" атты ән кеші өтті.

Әншінің әсем үнін сағынған көрермендері концерт басталар алдында орындарынан тұрып, Роза Тәжібайқызын қошеметпен еске алды. Концерт барысында әншінің орындауындағы әндерден үзінділер беріліп, бұлбұл үнді қызын сағынған халықтың сағынышын басып, ол туралы қызықты деректермен де бөлісті. Атап өтсек, Роза Бағланованың шын есімі "Үрбибі" екендігі концерт көрермендерін таң қалдырды. Шыны керек "Розадай болсын" деп, қызының атын Роза қойып бүгінде сахнада Роза есімімен кеңінен танымал әншілеріміз де аз емес. Роза Рымбаева, Роза Әлқожа секілді аты көпшілікке белгілі әншілеріміздің есімі Роза Тәжібайқызының құрметіне қойылғаны мәлім. Осы орайда атақты әншінің шын есімінің басқаша болуы көрермендерін таң қалдырып қойды. Концертке жиналғандарды тағы бір қуантқан жайт, нақ осы Үрбибі есмімен әншінің немересінің аталуы. Осы кеште әншінің немересі, Үрбибі Бағланова да әжесіне арнап ән салды.

Бұған қоса Халық әртісінің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған концертте  Алтынбек Қоразбаев, Айгүл Иманбаева, Сұлушаш Нұрмағамбетова, Жұбаныш Жексенұлы, Айгүл Қосанова, , Мәдина Сәдуақасова, Бағдат Сәмединова, Тамара Асар сынды қазақ эстраданың жұлдыздары ән шырқады. Роза Тәжібайқызының әндері де концерт барысында қайта жаңғырды. Соның ішінде "Астана" эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен  "Әдемі-ау", "Бәрінен де сен сұлу", "Сәулем-ай", "Іңкәрім-ай", "Ақтамақ", "Сыр гүлі"секілді әндер тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленді.

Ерзия Ерсұңқар

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста