Әл-Фараби көшесіндегі Есентай арқылы өтетін көпірді жөндеу 6 маусымда басталады

Мамандар апатты жағдайда деп танылған көпірді жаңалайды. Ол әзірше алты жолақты күйінде қалады, бірақ кейін сегіз жолаққа дейін кеңейтуі мүмкін, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы қалалық мобильділік басқармасы Kolesa.kz басылымына қайта жөндеу жұмыстары 6 маусымда басталып, 1 қыркүйекке дейін жалғасады деп мәлімдеді.
Осыған байланысты көліктер шығыс бағытта үш емес, екі жолақпен жүретін болады.
Батыс бағытта әзірге ешқандай өзгеріс жоқ.
Жұмыс барысында көлік қозғалысы реттеліп отырады.
Даңғыл бойында және іргелес көшелерде кептеліс одан сайын көбейеді.
Жүргізушілер қозғалысын алдын ала жоспарлап, айналып өтетін жолдарды қарастырғаны жөн.
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу