Көлік салығын 1-сәуірге дейін төлеңіз

2022 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты 1 сәуірге дейін төлеу керек, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Іnbusiness.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап жазды.
Көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталындағы калькулятор көмегімен немесе "e-Salyq Azamat" мобильді қосымшасында дербес есептеуге болады.
Сонымен бірге, салық органдарымен есептелген салықтың сомалары мобильді қосымшалар арқылы PUSH-хабарлама түрінде наурыз айында жіберілетін болады.
Есептелген салық сомаларын "e-Salyq Azamat" мобильді қосымшасының "Электронды сервистер"→"ЖТ және ЖК алдағы төлемдерді төлеу қызметі" сервисінде, сондай-ақ kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы көруге болады.
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу