Көлік жүргізушілеріне кеңес

Көлік жүргізгеніме көп бола қойған жоқ. Жиырма жылдай ғана.
Жаңадан көлік жүргізіп жүргендер мынадай ережелерді сақтап жүрсе "құдай да тыныш, құдағай да тыныш" болады ғой деп ойлаймын;
1. Шама келгенше тежегішті айнаға қарап басқан жөн. Бұл сізді көп кездейсоқтықтан құтқарады. Бұған үйрену қиын болуы мүмкін, бірақ бірте-бірте үйренуге болады.
2. Жаяу жүргіншіге сеніп қозғалысты автоматты түрде жалғастырудан сақ болыңыз. Кейбір қарсы бағыттағы көліктер жүргіншіге қарамауы мүмкін. Сол кезде сіздің көлігіңізді "дүрс" еткізсе.
3. Асығып келе жатсаңыз жүк көлігінің артынан жүрмеңіз. Олар қала көшелерінде бірден жылдамдық ала алмайтыны түсінікті жәйт.
4. Қыз-келіншектер жүргізіп келе жатқан көліктерден сақ болыңыз. Әрине олардың бәрін бірдей кінәлауға болмас, дегенмен талай рет солардың кесірінен түсінбейтін жағдайларға тап болғанымды несін жасырамын.
5. Қосалқы жолдан басты жолға шығарда екі жаққа 2 немесе 3 рет қарап алыңыз. Көліктердің бұрылыста көп соғысуының бір себебі осы, тіпті басты себебі десе де болады.
Әзірге есіме түскендері осы. Керек болса назарыңызда болсын, керек болмаса оқымай өтіп кетуге болады.
facebook.com парақшасынан





