Қазыр көлік сатқан тиімді ме: сарапшы пікірі

Тәуелсіз автомобильдер одағының төрағасы Эдуард Эдоков Zakon.kz тілшісіне қазір қазақстандықтар үшін көлік сатып алу-сату тиімді ме деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.
Сарапшылардың кеңесі жаңа және ескі көліктерге де қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тәуелсіз автомобиль одағының төрағасы Эдуард Эдоков:
– Егер сізде 10 миллион теңге бар болса және ұнатқан көлігіңіз салонда болса, оны дереу сатып алыңыз. Себебі ол арзандамайды.
Сарапшының пікірінше, қайталама нарықта біршама түсініксіз жағдай қалыптасып отыр. Атап айтқанда, 24 ақпаннан кейін – наурыз айының басында ресейлік интернет-сайттарда автокөліктерге арналған ресейліктер қайталама нарықта ұсынылатын көліктер санын күрт қысқартқаны туралы ақпарат толқыны тарады. Яғни, ескі көліктерді ұсынатын ресейлік базарларда ұсыныстар саны күрт төмендеді.
Жаңа көліктерге сұраныс азайды, өйткені адамдар алда не болатынын білмейді, ескі көліктер нарығы да сол себепті қысқарды. Олар кейін қайдан, қалай, қандай бағамен басқа көлік сатып алатынын білмейді. Қазақстандағы ескі көлік нарығының бұған қалай қарайтынын білмеймін. Нарықта көлік тапшылығы болады.





