Сақтандыру арқылы алған көлікті заңдастыруға болмайды

Сақтандыру арқылы алған көлікті заңдастыруға болмайды

ҚР ІІМ ӘПК Тіркеу және цифрландыру басқармасының басшысы Әлібек Кеңесбаев хабарлағандай, сақтандыру полисіне жүргізушінің атын жазу автомобильді тіркеуге мүмкіндік бермейді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Көлікті заңдастыру үшін оның иесінде сатып алу-сату шарты немесе бас сенімхат болуы керек. Олар көлік құралын тіркеу туралы куәлік немесе көлік құралының паспорты бойынша машинаның номиналды иесінің келісімімен беріледі.

 

Кеңесбаев елімізде оң рөлді көліктер заңдастырылатынын айтты. Тіпті ҚР ИИДМ № 342 бұйрығында көрсетілген бірқатар талап пен Еуро-4 экокласына сай келмейтін машиналар да жеңілдікпен тіркеледі.

 

«Ол үшін „Жол қозғалысы туралы“ заңға өзгеріс, қаулыға түзету енуі мүмкін. Ол қазір талқыланып жатыр», — деді басқарма басшысы.

 

Заңға қашан және қалай өзгеріс енетінін Кеңесбаев айтқан жоқ. Заңдастыру туралы үкімет қаулысын жаңа жылға дейін жариялап, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап шетелдік көліктерді тіркеу жоспарланып отырғанын ескерсек, билік енді қалған екі аптада осының бәрін жасап үлгере ала ма, белгісіз. Өйткені заңды өзгерту бірер күннің шаруасы емес.

 

 

Тіркеу бөлімінің басшысы елімізде қазір 20 мыңнан аса оң рөлді көлік бар екенін айтты. Оның көбін қымбат машина ала алмайтын азаматтар әкелген. Көлік заңдастырудағы басты мақсат — осындай қарапайым халыққа көмектесу. Сол үшін заңды өзгерту керек.

 

ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бір адамның атына бірнеше көлікті заңдастыруға болатынын айтады. Дегенмен автомобиль техникалық тұрғыда талапқа сай болуы керек. Бұл бұзылған көлікті мүлде тіркеуге болмайды деген сөз емес. Иесі машинаны жөндеп, заңдастыруға қайта өтініш бере алады.

 

Айта кетерлігі, шетелдік нөмір таққан көліктерді заңдастыру алты айға созылады.

 

«Көлігін заңдастырмағандар оны елден шығаруы керек немесе бөлшектеп сатуы қажет», — деді ІІМ ӘПК төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев.

 

Аталған мерзім өткеннен кейін Қазақстанда белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік иелеріне айыппұл салынады. Бірінші рет — 10 АЕК, ал одан кейін де көлігін есепке қоймаса, 20 АЕК айыппұл төлейді немесе бір жыл мүлде машина жүргізе алмайды.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста