Infiniti болашақ QX-тің концептісін көрсетті

Infiniti болашақ QX-тің концептісін көрсетті

Monterey Car Week автомобиль апталығында Infiniti көпшілікке концепт түріндегі жол талғамайтын QX Monograph-ты таныстырды. Марка оны тауар түріндегі QX80-ге айналдырады. Ұстамды дизайнына қарап сериялық автомобильдің қатты өзгермегенін аңғаруға болады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Infiniti QX Monograph жаңа буын жаршысы ғана емес, жапон маркасының өзгерген фирмалық стилінің алғашқы көрінісі болады. Машинаға брендтің жарығы бар жаңарған ірі эмблемасын салып, радиатор торын қиғаш «шеврон» түріндегі жаңа элементпен толтырған.

 

Заманауи дизайн талаптарынан қалмай, машинаның алдына екі деңгейлі QX Monograph жарық техникасын орнатыпты. Жоғарыда радиатор торы ішінде орналасқан өзара жіңішке жарықдиодты сызықпен байланысқан енсіз күндізгі жүріс шамы бар. Ал негізгі шам бамперде жасырылған. Дизайнерлер артқы жағына ұзыннан созылған ірі шам қойды.

 

 

 

 

Концепт түріндегі QX шанағының қыры көп, тік сызықтар да жетерлік, ал автомобиль әлдеқайда ірі болып көрінеді. Компания шоукардың көлеміне қатысты ешқандай мәлімет бермеді, бірақ оның QX-тен асып түсуі екіталай.

 

Машинаның күштік құрылымы мен техникалық сипаттамасы жөнінде мәлімет жоқ, Infiniti интерьерін де көрсетпеді. Соған қарағанда бұның барлығы 2024 жылы сериялық нұсқа прототипінің тұсаукесерінен кейін белгілі болатын сияқты.

 

Жүргізушілер қазір мініп жүрген Infiniti QX-тің үшінші буыны 2010 жылы шыққанын айта кетейік. Ол кезде автомобильдің индексі QX 56 болған. Конвейерде болған 13 жылда жол талғамайтын көлік екі рет рестайлингтен өтіп, атауын QX80 деп өзгертіп үлгерді.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста