Қанша қазақстандық шетелдік көлігін заңдастырып үлгерді
Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствода өткен брифингте шетелдік көліктерді заңдастыру жұмыстарының барысы туралы соңғы мәліметтермен таныстырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Шұғыла Тұрлыбек шетелдік көліктерді заңдастырудың басталғанына 20 күн өткенін еске салды. "Бүгінгі күнге дейін 61 мың қазақстандыққа көлігін заңдастыруға рұқсат етілді. 25 мың көлік иесі тиісті құжаттары мен нөмірін алды", - деп хабарлады ІІМ өкілі. Еске салсақ, Қазақстанда 2023 жылдың 23 қаңтарынан бастап шетелдік көліктерді заңдастыру басталған еді. Шетелдік көліктерді заңдастыру осы жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады. Осы аралықта шетелдік автокөліктердің иелері оларды жеңілдік ережелерімен, яғни бастапқы тіркеу үшін 200 мың теңге, техникалық төлқұжатқа 4 313 теңге, мемлекеттік нөмір алу үшін 9 660 теңге мемлекеттік баж салығын төлеу арқылы тіркей алады.