Жаңа Toyota Camry 2024 жылы жарық көреді

Жаңа Toyota Camry 2024 жылы жарық көреді

Toyota биыл Camry-дің жаңа буынын таныстыруы мүмкін. Аустралиялық Drive басылымы марка седанды нарыққа 2024 жылғы модельдік топтама өкілі ретінде шығаратынын хабарлады. Жаңа Camry қазіргі платформасының жаңарған нұсқасына негізделеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Қазір әлемде көп адам кроссовер не жол талғамайтын көлік алып жатыр, сол үшін Camry-ге бәсекелес аз. Ford Mondeo өндірісін тоқтатты, Volkswagen Passat шығармайтын болды, бұл қатарға Mazda6 да қосылуы мүмкін. Демек жаңа Camry-ге Honda Accord пен жаңа Hyundai Sonata негізгі бәсекелес болады.

 

 

Басылым жаңа Camry-де өзгеріс аса көп болмайды деп болжап отыр. Седан алғысы келетіндер азайып келе жатқандықтан, компания бұл сегментте жаңа модель жасауға көп қаржы жұмсағысы келмейді. Сондықтан машина қазіргі платформада шығады, ал мотор гаммасындағы басты өзгеріс — үлкен бензинді қозғалтқыштардың орнын гибрид күштік құрылым басады.

 

Жаңа Camry қазіргі нұсқасынан шанақ дизайны және интерьер архитектурасымен ерекшеленеді, салонда Toyota-ның ең жаңа медиажүйесі болады. Компания модельге жаңа электронды көмекшілер орнатады.

 

Басылымға мәлімет бергендер жаңа Camry тұсаукесерінен бір жыл өткен соң компания RAV4-тің жаңа буынын шығаратынын айтыпты. Кроссовер өндірісі 2024 жылдың күзінде басталады, қазірше техникалық жағына қатысты ешқандай ақпарат жоқ.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста