Азия ойындарында ала доп қызып жатыр

Азия ойындарында ала доп қызып жатыр

Инчхондағы XVII Азия ойындарының ресми түрдегі ашылуы басталмай жатып, футбол ойындары ерте басталып кетті. Қазақстан УЕФА-ға мүше болғандықтан футбол құрамамыз сарықұрлықтың додасына қатыса алмады, - деп жазады «Алаш айнасы» газеті.
Біздің бас команда ойнамаған соң Азия ойындары барысында өзгелердің нәтижелеріне аса көп мән бере қоймаймыз. Дегенмен Азия ойындарына Қазақстаннан арнайы келіп тұрғандықтан әлемдегі №1 спорт түрінінен өтіп жатқан сайысты халыққа жетізуді өзімізге міндет санадық.
Жалпы, Азия ойындары алғаш тұсауын кескен 1951 жылдан бері футбол додасы да тұрақты түрде өткізіліп келеді. Ал 1990 жылы ерлермен қатар қыздарда доп тебе бастады. 2002 жылы Олимпиада ойындары тәрізді 23 жасқа дейінгі футболшылар қатысатын болып шешілді. Тек құрама сапындағы 3 футболшының ғана 23 жастан үлкен болуына құқығы бар.
Азия ойындарының тарихында ең көп жетістікке жеткен ол Иран құрамасы. Парсы елі 1974, 1990, 1998, 2002 жылдары топ жарған еді. Сондай-ақ олар 1951 және 1966 жылдары финалға жетіп сүрінді. Биылғы жарысты өткізіп жатқан Оңтүстік Корея үш мәрте жеңіс тұғырына көтерілген. Үндістан, Мьянма,Тайвань екі реттен чемпион болған. Ал Жапония, Ирак, КХДР, Катар, Өзбекстан бір рет бас жүлдені енішіледі.
Инчхондағы Азия чемпионатына 29 елдің құрамасы келіпті. Гуанджоуда 24 команда қатысқан еді. Жарыстың алдында жеребе тартылып, 8 топқа бөлінді.
Жеребенің қорытындысы мынадай:
«А» тобы: Оңтүстік Корея, Малайзия, Сауд Арабиясы, Лаос.
«B» тобы: Өзбекистан, Гонконг, Бангладеш, Ауғанстан.
«С» тобы: Оман, Палестина, Сингапур, Тәжікстан.
«D тобы»: Жапония. Кувейт, Ирак, Непал.
«E тобы»: Таиланд, Мальдив, Шығыс Тимор, Индонезия.
«F тобы»: КХДР, Қытай, Пәкістан.
«G» тобы: БАӘ, Үндістан, Иордания.
«Н тобы»: Иран, Вьетнам, Қырғызстан.
Қазіргі кезде топтық кезең аяқталды. Басқа құрамаларға қарағанда көрші өзбек ағайындарды жақсы білетін болғандықтан бірінші кезекте Мирджалол Қасымовтың шәкірттерінің нәтижелеріне баса назар аудардық. Кезінде КСРО, Ресей, Өзбекстан чемпионаттарында өнер көрсеткен футболшы кейіннен бапкерлік қызметте орасан зор табысқа жетіп жүр. Қасымов бапкер Оңтүстік Кореяға жас таланттарды ертіп келіпті. Ала тақиялы бауырларымыз алғашқы турда Гонгонгпен ұпай бөлісті. Одан соң Бангладешті ойсырата ұтты. Бұл матчта В.Шодиев дубль орындаса, С.Рашидов бір мәрте көзге түсті. Қорытынды есеп – 3:0. Ал соңғы турда өздерінің көршілері Ауғанстанды ойнап жүріп ұтты.
Тәжікстан құрамасы өз тарихында топтық кезеңді артқа тастап, үздік 16 команданың қатарына енді. Мухсин Мұхаммадиев шәкірттері бірінші турда Сингапурды жеңіп, кейіннен Палестинаға жол берген болатын. Соңғы шешуі Оманмен болған матчта жинақылық танытып, үш ұпай еншіледі. Соның арқасында плей-оффқа жолдама алып отыр. Кездесудегі жалғыз голды 92-минутта Джахонгир Эргашев соқты. Енді олар турнирдегі басты фавориттердің бірі Ирак құрамасымен кездеседі.
Өзге топтардан алаң қожайыны Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Өзбекстан, Жапония, Қытай, Йордания, Солтүстік Корея секілді Азия белді құрамалары келесі кезеңге жолдама алып отыр.
Топтық кезең нәтижелері:
А тобы
Сауд Арабиясы – Лаос –3:0
Оңтүстік Корея – Малайзия –3:0
Малайзия – Лаос – 4:0
Оңтүстік Корея – Сауд Арабиясы –1:0
Малайзия – Сауд Аравия – 0:3
Лаос –Оңтүстік Корея – 0:2
В тобы
Бангладеш – Ауғанстан – 1:0
Өзбекстан – Гонконг – 1:1
Гонконг– Ауғанстан – 2:1
Өзбекстан – Бангладеш – 3:0
Гонконг – Бангладеш– 2:1
Ауғанстан – Өзбекстан – 0:5
С тобы
Сингапур – Тәжікстан – 0:1
Оман – Палестина – 0:2
Палестина – Тәжікстан –2:1
Оман – Сингапур – 3:3
Сингапур – Палестина –2:1
Тәжікстан – Оман –1:0
D тобы
Ирак – Непал – 4:0
Жапония – Кувейт –4:1
Кувейт – Непал –5:0
Жапония – Ирак – 1:3
Кувейт – Ирак – 0:3
Жапония – Непал – 4:0
E тобы
Таиланд – Мальдив – 2:0
Шығыс Тимор – Индонезия –0:7
Мальдив – Индонезия –0:4
Таиланд – ШығысТимор – 3:0
Шығыс Тимор – Мальдив – 2:3
Индонезия – Таиланд –0:6
F тобы
КХДР – Қытай – 3:0
Пәкістан – КХДР – 0:2
Қытай – Пәкістан – 1:0
G тобы
БАӘ – Үндістан –5:0
Иордания – БАӘ –1:0
Үндістан –Иордания –0:2
Н тобы
Иран – Вьетнам – 1:4
Қырғызстан – Иран –1:1
Вьетнам –Қырғызстан – 1:0
1/8 финалға шыққандар:
Иордания –Қырғызстан
Палестина – Жапония
Тайланд – Қытай
Оңтүстік Корея – Гонгонг
Ирак – Тәжікстан
Вьетнам – БАӘ
Өзбекстан – Сауд Арабиясы
Солтүстік Корея – Индонезия
Плей-офф бәсекелері бүгіннен басталады.
Футбол матчтары негізінен «Munhak Stadium» мен «Ansan Wa» алаңдарында өтіп жатыр. «Munhak Stadium» – 2002 жылғы әлем чемпионаты кезінде салынған. Сол кезде бұл стадионда Коста-Рика мен Түркия, Дания мен Франция және Оңтүстік Корея – Португалия құрамалары доп тепкен еді. Сыйымдылығы – 49084 адам. Футбол ойындарының финалдық кездесу осы жерде өтеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста