Несиеге рақымшылық жасалады деген ақпарат тарады

Несиеге рақымшылық жасалады деген ақпарат тарады

Нәтижесінде 577,7 мың азамат үшін жалпы сомасы 120,5 млрд теңге болатын берешекті есептен шығару рәсімі жүргізілді.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандықтардың несиелері кешіріледі деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айта кетсек, бұған дейін қазақстандықтар әлеуметтік желілерде үш жыл бұрынғы ақпараты бар бейнеролик таратылып жатқаны айтылған еді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. 

“Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде “кредиттік рақымшылық” жасалды және халықтың қарыздары есептен шығарылды-мыс деген дәйексіз ақпараттың белсенді түрде таратылып жатқандығын мәлімдейді”, – делінген Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәлімдемесінде. 

Агенттік мәліметінше, 2019 жылғы қыркүйектен бастап 2020 жылғы сәуір аралығында көрсетілген. Нәтижесінде 577,7 мың азамат үшін жалпы сомасы 120,5 млрд теңге болатын берешекті есептен шығару рәсімі жүргізілді. Алайда азаматтардың несиесін кешіру туралы қаулы 2019 жылғы 13 желтоқсанда қолданысын тоқтатты және қазіргі уақытта оның заңды күші жоқ.

“Бұл бастама бір реттік бастама болды. Азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарына жалған мәліметтерге сенбеуді және ақпаратты тек ресми және тексерілген дереккөздерден басшылыққа алуды сұраймыз”, – деп қосты агенттік өкілдері.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста