Жарамсыз ақшаны қайда өткізуге болады? Жарамсыз ақшаны қайда өткізуге болады?

Жарамсыз ақшаны қайда өткізуге болады? Жарамсыз ақшаны қайда өткізуге болады?

Әртүрлі себептермен ақшамызды  бүлдіріп алатын кездеріміз көп. Бірі киімнің қалтасында кеткен купюраны абайсызда жуып алса, енді бірі оны жыртып, не күйдіріп алып жатады. Ақшаңызды бүлдіріп алсаңыз, не істеуге болады? Жыртылған ақшаны қайда өткіземіз? Бүлінген ақшаны банктер қабылдай ма? Кез-келген банк жыртылып қалған ақшаны ауыстыра ма?

Егер купюра теңге болса, Ұлттық банк оны оп-оңай ауыстырып береді. Ал егер бүлінген ақша шетелдік валюта болса онда оны айырбастау қиындау болады. Біз банктерге хабарласып көргенімізде, Алматы қаласында төлемге жарамсыз болып қалған шетелдік купюраларды қабылдайтын санаулы ғана айырбас орындары бар екендігін және олардың өз қызметтері үшін бүлінген қаражаттың 20 немесе 30 пайызын ұстап қалатындығын анықтадық.

ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2012 жылдың 24 тамыздағы № 253 қаулысымен бекітілген Ұлттық валютаның бүлінген ақша белгілерін айырбастау Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау қағидаларының 7-тармағына сәйкес,тозған және бүлінген банкноттар мен монеталар барлық банктерде және Ұлттық Банктің филиалдарында белгіленген құны бойынша, қандай да болмасын шектеулерсіз айырбасталады.

Ұлттық валютаның бүлінген ақша белгілерін айырбастау тегін жасалады. Айырбасталатын ақша белгілерінің сомасы шектелмеген. Екінші деңгейдегі банктерге және Ұлттық Банк филиалдарына келіп түскен кез келген зақымдары бар ақша белгілері айналысқа шығарылмайды.  Яғни, тозған және бүлiнген, өзiнiң толық көлемiнiң кемiнде 70 процентi сақталған банкноттарды Ұлттық Банкi және екінші деңгейдегі банктер шектеусiз айырбастайды.

Ал шетелдерде Қазақстанмен салыстырғанда бүлінген ақшаға күдікпен қарайды. Олардың түсінігінде ақша тек банктерде ғана сақталуы керек. Ал көп көлемде, күйген ақша алып келсең, бұл ақшаның қандай да бір қылмысқа қатысы бар деп ойлайды. Оны ауыстырып алу үшін арнайы құжат жиып, оларды абайсызда бүлдіріп алғаныңды дәлелдеуің керек. Бірақ осының барлығына қарамастан қабылдап алушы тарап бүлінген ақшаға арнайы сараптама тағайындап, оның бүлінгенге дейін жүріп өткен жолын тексереді.

&ldquoThe Qazaq Times&rdquo

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста