Инфляциялық қатер қайдан-ды...

Инфляциялық қатер қайдан-ды...

Осы аптада Ұлттық банк төрағасы Г.Марченко: «Ұлттық валюта нығайғанымен, инфляция бой берер емес», — деп мәлімдеген еді. Сөйтіп, ол биыл инфляцияның күшеюін болжаған болатын. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Ақышев 10-11 наурыз аралығында Алматыда өткен Қазақстан қаржыгерлерінің форумында оның төрт себеп-салдарына егжейлі-тегжейлі тоқталып өтті. Оның айтуынша, инфляцияның күш алуына ықпал етуші бірден-бір фактор қаңтар айынан бастап, еліміз құрамына қосылған Кеден одағы болып табылады екен.

– Біз қазір 2010 жылғы инфляцияға жол беруші қауіп-қатерлерді анықтап жатырмыз. Оған Кеден одағының құрылуы да үлкен әсер етіп отыр. Сырттан әкелінетін тауарларға салынатын кедендік салық құнының қымбаттауы белгілі бір мезгіл арасында импорт өнімдері бағасының өсуіне ықпал етеді, – дейді ол.

Сонымен қатар Д.Ақышевтің айтуынша, осындай фактордың бірі – биыл жоспарланып отырғандай, бюджет саласы қызметкерлері жалақысының (25 пайыз), әлеуметтік жәрдемақылардың және зейнетақының өсуі.

– Құнсызданудың тағы бір себебі, 2010 жылы еліміздегі іскерлік қарым-қатынастың жандануы болып табылады. Мемлекеттің Дағдарысқа қарсы шаралар аясында жүзеге асырған істері нәтижесінде көптеген нарықта сұраныс туындауда, – дейді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

– Мемлекет экономиканы қорғау мақсатында «ақша шатырын» құрған болатын. Ол қазір Ұлттық банктің шотында тұр. Егер осы ақшаның бәрі несиелендіруге жұмсалатын болса, ол белгілі бір деңгейде ел экономикасына қауіп-қатер төндіреді. Бұл арада банк пен нақты сектор мүдделері арасында тепе-теңдікті сақтау керек. Қалай дегенмен де күткен қауіпті жағдай туындағанда, Үкіметтің де, Ұлттық банктің де оны реттейтін құралдары дайын әрі жеткілікті деп айта аламын, – дейді Д.Ақышев.

Осыған дейін айтылғандай, Қазақстан басшылығымен Дағдарысқа қарсы шаралар аясында экономикамызға мемлекеттік қордан және басқа да қаржы көздерінен шамамен 2,2 триллион теңге (еліміздің жалпы ішкі өнімінің 20 пайызындай) бөлінген-тұғын. Сонымен қатар Ұлттық қордан 10 миллиард доллар шығарылған.
Сонымен, Ұлттық банктің болжамы бойынша, 2010 жылы еліміздегі инфляция деңгейі 6-8 пайызды құрайды. Ақпан айының қорытындысы бойынша, ол 7,4 пайыз көрсеткішті қамтыған.

Ұлттық банк төрағасы орынбасарының нақтылауынша, инфляцияның күшеюіне ықпал етуші факторлар мыналар:

– 2010 жылы Қазақстан құрамына енген Кеден одағының іске қосылуы (сырттан әкелінетін тауарларға салынатын кедендік салық қымбаттайды, соған сәйкесінше, импорттық өнімдердің бағасы өседі);
– биыл жоспарланып отырғандай, бюджет саласы қызметкерлері жалақысының (25 пайыз), әлеуметтік жәрдемақылардың және зейнетақының өсуі;
– Дағдарысқа қарсы шаралар аясында бөлінген ақша негізінде 2010 жылы еліміздің іскерлік қарым-қатынасы жанданады;
– мемлекеттің ел экономикасын оңалту бойынша арнайы бағдарламалар аясында бөлген ақша массасы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста