Оқырман сауалына жауап іздейміз
«Алаш айнасы» газеті жарық көрген сәтінен бастап өз оқырмандарымен тығыз байланыста. Жас пен жасамысты, қараша мен бақуаттыны толғандырған кез келген сауалға басылым қызметкерлері жауап табуға әзір. Бүгінгі өмірде сіз кезіккен барлық түйткілді білуге біз де мүдделіміз. Жауап таппаған сауалыңызды бізге жолдаңыз.
Осы ретте газетіміз «Оқырман сауалына жауап іздейміз» атты жаңа айдар ашпақ. Бұл айдарда қоғамдық өмірдің сан алуан саласындағы сауалдарға жауап табуға болады. Айталық, сіз көлікті техникалық байқаудан өткізгелі жүріп, өзіңізге түсініксіз сұрақтарға жолықтыңыз немесе азаматтық хал актілері жағдайларын тіркеуде қиындықтарға кезіктіңіз делік. Мамандардан тиісті жауаптың бәрін толық ала алмадыңыз. Демек, сіздің «Алаш айнасына» хабарласып, ақпараттық көмек сұрауға мүмкіндігіңіз бар. Сонымен бірге әлеуметтік сала, төтенше жағдай, спорт пен мәдениет, шоу-бизнес мәселелері, қоғамдағы түрлі оқиғаларға қатысты пікір-көзқарастардың дұрыс-бұрыстығы немесе тылсым құбылыстар туралы да сұрауыңызға болады.
Редакцияның байланыс телефоны: 8 (727) 3 88 80 60,
электронды поштамыз: info@alashainasy.kz.