1 қыркүйекте Білім күніне арналған алғашқы қоңырау онлайн өтеді

1 қыркүйекте оқу жылының басталуына және Білім күніне арналған алғашқы қоңырау онлайн өтеді, деп хабарлады Білім және ғлым министрлігінің баспасөз қызметі.
1 қыркүйекте оқу жылының басталуына және Білім күніне арналған алғашқы қоңырау онлайн өтеді, деп хабарлады Білім және ғлым министрлігінің баспасөз қызметі. «1 қыркүйек – Білім күні. Мектептерде оқу жылының басталуына және Білім күніне арналған алғашқы қоңырау онлайн өтеді», – делінген хабарламада. Министрліктің хабарлауынша. оқушылар мектепке келмей, қолжетімді құрылғы және байланыс құралымен алғашқы қоңырауға қатыса алады. «Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескеріп, оқушылар мен мұғалімдердің денсаулығын қорғау мақсатында 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқитын болады», – деп қорытындыланған хабарламада.





