200 мыңнан астам оқушы бес күндік оқу аптасына көшеді

200 мыңнан астам оқушы бес күндік оқу аптасына көшеді

Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысында 200 мыңнан астам оқушы 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап бес күндік оқу аптасына көшеді. Сонымен бірге осы өңірлердегі 25 мыңнан астам мұғалім үшін сенбі демалыс күнге айналады. 5 күндік оқуға мектептер 100% көшеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы және СҚО білім басқармаларының басшыларының хабарлауынша, Алматыда бұрын сенбі күндері оқыған 166 мың бала мен жұмыс істеген 13 мың мұғалімі бар 124 мектеп енді бес күндік оқу аптасына көшеді. Сонымен қатар тек 1 ауысымда 16 мектеп бес күндік форматта оқиды.

 

СҚО-да да бес күндік оқуға 74 мыңға жуық бала оқитын 470-тен астам мектеп 100% көшеді. Бір ауысымда 23 мың оқушысы бар 254 мектеп оқиды. Осылайша мұғалімдерге де, оқушыларға да жүктеме азаяды.

 

Президент педагог мәртебесін көтеруге ерекше көңіл бөліп отыр. Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке қолдауының арқасында «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданып, мұғалімдердің жалақысы көтеріліп, жүктемесі қысқартылды. Заңға тәуелді актілер қабылданып, әкімдіктер бұрынғыдай мұғалімдерді міндетінен тыс артық жұмыстарға тартпайды. Президент тапсырмалары бойынша атқарылатын жұмыстар аясында алдағы уақытта сенбі мектеп мұғалімдері үшін ресми демалыс күніне айналады. Бұл әріптестерімізге сабаққа дайындалып, уақытты отбасымен бірге өткізуге мүмкіндік береді. Мұның балаларға берер артықшылықтары бар, енді олардың да көбірек бос уақыты болады. Біз бұл мәселені ерекше бақылауға алдық, – деді Оқу-ағарту министрі кездесуде.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста