26 минутта 30 мың есеп шығарған оқушы қыз таңғалдырды

26 минутта 30 мың есеп шығарған оқушы қыз таңғалдырды

Ақтау қаласында дарынды ұл-қыздар өте көп. Бұған дейін ақтаулық Азамат Нұрқожа есімді «пластилин» бала туралы жазғанбыз. Бұл жолы осы өңірдегі Орынгүл Арыстанды әңгімеге арқау еткелі отырмыз.

 

Ақтау қаласындағы №17 мектептің 6 сынып оқушысы әлемдік рекорд жаңартты. Қалай дейсіз бе? Мұны Орынгүлдің өзі айтып берсін.

 

«Мен Санкт-Петербург қаласында менталдық арифметикадан өткен чемпионатта әлемдік рекордты жаңарттым. Ресей мемлекетінде өткен жарысқа 150 қыз қатыстық. Барлығымызға бір қарындаш берілді. Ішінде есептер жазылған парақ таратылды. Сосын уақытты қойып, қарындашты бір-бірімізге беріп, кезекпен шығардық, кейін уақытты тоқтатты. Осынша күрделі бәсекеде жүйрік атанғаным әлі күнге дейін түс секілді. Бірақ көп дайындық болды. Маған сеніп, үміт артқан жандардың тілегі мен білімім жеңіске жетеледі.

 

«Математика әлемі мені оқушы атанбай тұрғанда-ақ қызықтырған. Ауызша есептеуді бес жасымнан үйрендім. Қызығушылығымды анам оятты. Өзі есепші болып жұмыс істейді. Кішкентай кезімде анамның «калькуляторға» салып, бір нәрселер есептеп отырғанын жиі көретінмін. Солай санақ жасаған маған да ұнайтын болды. Мұны байқаған анам, санамақ таяқшаларын әкеліп берді де есеп шығаруды үйрете бастады. Осылай менің математикаға құмарлығым оянды.

 

Мектеп табалдырығын аттағанда бұл қа­бі­летімді ұстаздарым көп өтпей-ақ білді. Минутына ауызша 15-20 есепті шемішкедей шағып тастайтынмын.

 

Пәндік олимпиадаларда топ жарып жүрдім. Ал менталдық арифметикамен айналысқаныма үш жылға жуықтады. Қалааралық, республикалық менталдық арифметикадан өткен көптеген додалардың жеңімпазы атандым. Ең алғашқы халықаралық жеңісім Малайзия мемлекетінде орын алды. Малайзияда ауызша есептеу сайысында 1-орынды қанжығаға байлағанымда қуанышымда шек болмады. АҚШ, Ресей, Қытай сынды әлемнің 45 елінен келген 3 мың баланың ішінен жүлде маған бұйырды.

 

Осындай дәрежеге жетуіме үлес қосқан ата-анама, менталдық арифметика инструкторы Қарлығаш Әбдрейімоваға, мектебіме, жақындарыма алғысым шексіз.

 

Көп достарым, аға-әпкелерім келешекте мұғалім болатын шығарсың дейді. Бірақ мен анам секілді есепші болғым келеді», – дейді Орынгүл.

 

Он бір жастағы Орынгүл Арыстан 26 минут ішінде 30 мың есеп шығарып, менталдық арифметикадан әлемдік рекордқа өзгеріс енгізді. Ол 120 мемлекеттен келген 150 қыздың арасынан үздік шығып, жеңімпаз атанды.

 

Азия рекорд кітабы және әлемдік рекорд кітабы өкілдерінің шешімі бойынша, осы жарыс­та тарихта алғаш рет ұзақ математикалық есеп шығарылған екен. Бұл рекорд World Book Records (WBR) кітабына еніпті.

 

Талапты қыз осы жарысқа қатысу арқылы ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, әлемдік деңгейде таланты мен дарынын дәлелдеді. Қазақстанның атын халықаралық деңгейге шығарды.

 

Тағы да айта кетерлігі, кейіпкеріміздің математикамен қатар тіл үйренуге деген қабілеті де жоғары. Ол қазақ, орыс тілімен қоса ағылшыншаға да судай. 

www.zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста