3D-шырша жасау (видео)

Жаңа жыл қарсаңында ҚазАқпарат видеоредакторы әркімге тамаша сыйлық ретінде тарту етуге тұрарлық голографиялық 3D-шыршаны жасау әдісімен бөлісті.
Ильзат Сафаргалиев, «ҚазАқпарат» ХАА видеоредакторы:
Жуырда мені голографиялық 3D-шыршаны жасау әдісі қызықтырды. Youtube желісінде талай роликтерді қарадым. Алайда оның барлығында жұмыс принциптері жазылмаған. Қарапайым планшет үшін қарапайым материал - CD/DVD бокстің пластигін пайдаландым. Өлшемдері шамамен - әр беттен 6х3,5х1 см. Жапсырдым. Осылайша бір істі тындырдым. Егер сіз видеомонтаждаудың шебері болсаңыз, онда кез-келген видеоны құру кезінде 4 бөлікті қосарлайсыз, осылайша пирамиданың әр қабырғасы барлығын көрсетеді. Іздеу жүйелерінен «Голографиялық 3D-пирамиданың роликтерін» таба аласыз. Алайда пирамиданы аударылған күйде қоюды ұмытпаңыз.
Мұны қолдан жасауға шамамен 1 сағат уақыт кетті. Жаңа жылда туыстарға, достарға осындай 3D-пирамиданы сыйға тартуға болады.
ҚазАқпарат





