40 ЖЫЛ ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ОТБАСЫ Болат Қарабалин мен Жібек Нөсербаева жайлы естелік

40 ЖЫЛ ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ОТБАСЫ Болат Қарабалин мен Жібек Нөсербаева жайлы естелік

Елімізде бар ғұмырын бала оқытуға, ұстаздыққа арнаған адамдар аз емес. «Өзінің уақытын аямайтын, өзгенің бақытын аялайтын» ұстаздық жолын таңдаған жандардың қатарында Алматы облысының белгілі мұғалімдері Болат Қарабалин мен Жібек Нөсербаеваның есімдері қалың жұртшылыққа танымал. Отбасылық жұп 50 жылдан астам уақыт бойы қол ұстасып бірге жүріп,  ауыл мектебінде талай шәкірттерінің шырағын жақты.

Қос ғашық сонау өткен ғасырдың 60-жылдары ару Алматыда табысқан болатын. Үлкен қалаға арман қуып келген жастар студент кездерінде өте белсенді, еңбекқорлығымен көзге түскен еді. Болат Жолмұратұлы сол кезде еркін күрестен ел чемпионы болды, болашақ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Ал Жібек Жанайбекқызы сол кездегі қыздар педагогикалық институтында қазақ тлі мен әдебиет пәнінің мұғалімі мамандығында оқыды. Екеуі де текті әулеттен шыққан жастар өмірін де, еңбек жолын да бір арнаға тоғыстырып, отбасын құруға бекінді.

Кеңес заманында ауылдан түлеп ұшқан түлектердің қалада оқып, жоғары білім алуы оңай емес еді. Сондықтан болса керек, Жібек апайдың әкесі қызы оқу бітіргеннен кейін бірден тұрмыс құрмай, ауыл мектебінде мұғалім болып еңбек еткенін қалады.

«Нағашы атамыз қызының жоғары білім алуына барын салып, болашақта қызының ауыл мектебіне келіп мұғалім болғанын армандаған екен. Ол кісіге бұл үлкен мәртебе болса керек. Анам үлкен кісінің сөзін жерге тастамай, 1963 еңбек жолын өзінің туған жері Талдықорған облысындағы Қызылту ауылында бастады. Ал әкем Талдықорған қаласындағы заң техникумында жұмыс істеген. Әкем анамды бір жыл күтіп, олар 1964 жылы шілде айында отбасын құрды. Үйленгеннен кейін екеуі Талдықорған облысы, Қызылағаш ауылының мектебіне жұмысқа орналасып, осы жерде 10 жылдай бірге қызмет етті. Кейінен 1974 жылдан бастап олар Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Киров ауылындағы мектепте еңбек жолдарын жалғастырды», – дейді ұстаздар отбасының баласы Сұңқар Болатұлы.   

 Жібек Нөсербаева да ауыл мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беріп, талай талантты шәкіртті тәрбиеледі. Ол қарапайым мұғалім ғана емес, қоғам қайраткері еді. Өйткені ол ел үшін қызмет етті. Жібек апай жыр алыбы Жамбылдың шәкірті суырыпсалма ақын Үмбетәлі Кәрібаевтің танылуына зор септігін тигізді. Мемлекеттік мұражайын ашуды ұйымдастырушылардың бірі болды. 1993 жылы Жамбыл облысындағы Киров ауылына Үмбетәлі Кәрібаевтің есімі берілді. 

Жібек Жанайбекқызы жоғары санатты кәсіби педагог ретінде 1983 жылы III дәрежелі Еңбек Даңқ орденімен марапатталды, Халық ағарту ісінің үздігі атанды. Өресі биік, білімі терең Жібек апай әр жылдардағы Республикалық педагогикалық оқулардың жеңімпазы.  

Болат Қарабалин мен Жібек Нөсербаева 2014 жылы "Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы" атанды. Сол жылдың желтоқсан айында Жібек Нөсербаева мәңгілік сапарға аттанды. Жарты ғасыр отасып, 3 баланы өсіріп жетілдірді. Мәуелі бәйтеректей жапырағын жайған отбасының соңында 7 немересі мен 2 шөбересі ұрпақ сабақтастығын жалғастырып келеді.

«Әкеміз бен анамыз бізге өте жақсы тәрбие берді. Ата-анам мұғалім болғандықтан мен ұстаздық жолдың оңай емес екенін, құрметке лайық мамандық екенін көріп өстім. Олар өз балаларына да, оқушыларына да көңіл бөлуге, тек білім ғана емес, тәрбие беруге уақыт та, күш-қуат та таба білді. Екеуінің жалақысы айтарлықтай көп болмаса да, ақшаларын жинап, бізді жазғы демалыста Алматыға жіберуге тырысатын. Әкем мен анам мектепте үнемі көңілді кештерді, табиғат аясындағы демалыстарды ұйымдастырып, барлық игі істерге мұрындық болушы еді. Бүкіл ауылдың, ауданның тұрғындары әкемді әділеттілігі, шыншылдығы үшін құрметтейтін. Осындай отбасында туып-өскенім үшін бақыттымын. Мұғалімнің баласы болу – үлкен жауапкершілік. Бізден ата-анамыз тек 5-ке оқуды талап еткен жоқ. Бірақ біз өзіміз талпынып, үздік болуға тырыстық. Ата-анамызға көмектесіп, үй шаруасын да үшеуміз бірге атқаратын едік. Әпкем тамақ жасайды, ағам ауланы тазартады, мен еден жуамын дегендей. Әкем анама үнемі қолдау білдіріп, шабыттандырып отыратын. Анамның дәптер толы сөмкесін көтеріп, екеуінің мектепке қарай кетіп бара жататыны әлі күнге көз алдымда. Бір-біріне деген құрметі, махаббаты өмірлерінің соңына солған емес», деп еске алады Сұңқар Болатұлы.  

 Жарты ғасырға жуық ұстаз болып, ауыл-аймақтың дамуына, спорт саласының алға басуына себепкер болған Болат Қарабалин мен белгілі ұстаз Жібек Нөсербаеваның өмірі мен еңбек жолы – жас ұрпаққа үлгі. Олардың жарқын бейнесі барша ағайын-туыс, дос-жараны мен шәкірттерінің жүрегінен мәңгі өшпек емес.

Айнұр СЕНБАЕВА

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста