Әдебиетші ғалым, ұстаз, филология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Дәдебайұлы – 70-те!

Әдебиетші ғалым, ұстаз, филология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Дәдебайұлы – 70-те!

Қазақтың қарашаңырағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қараша айының 23 жұлдызында көрнекті әдебиетші ғалым, ұстаз, филология ғылымдарының докторы, профессор, ЖАНҒАРА ДӘДЕБАЕВТЫҢ 70 жылдығына арналған «ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ: ҰЛТТЫҚ КОД ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ТАНЫМ» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция болды.

Дәдебаев Жанғара Дәдебайұлы 1948 жылы 15 қарашада Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол 1966 жылы Ойық орта мектебін, 1969 жылы Тараз қаласындағы Абай атындағы педагогикалық училищені, ал 1975 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін, одан соң Педагогикалық шеберлік арттыру институтын (1980), аспирантурасын (1981), докторантурасын (1991), М.Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университеті жанындағы біліктілік арттыру факультетін (1985) бітірген.
Жанғара Дәдебайұлы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі еңбек жолын 1977 жылы қазақ әдебиеті кафедрасының ассистенті қызметінен бастады. Содан кейін ол «КСРО халықтары әдебиеті (кеңестік кезең)» мамандығы бойынша аспирантураны тамамдады. 1982 жылы кандидаттық, ал 1992 жылы докторлық диссертациясын қорғап шықты. 1983 жылдан бастап 1987 жылға дейінгі аралықта аға оқытушы, 1988 жылдан 1992 жылға дейін доцент болып еңбек етсе, 1993 жылдан 2000 жылдың қазанына дейін профессор, филология факультетінің деканы, ал 2000 жылдың қазанынан 2001 жылдың қазанына дейін қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, 2001 жылдың қазанынан 2008 жылдың мамырына дейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқу және әдістемелік істер жөніндегі проректоры қызметтерін атқарып келді. 2008 жылдың мамырынан – осы университетте кафедра меңгерушісі. 2009 жылдан бері осы университетте кафедра меңгерушісі, профессор, Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры. 1991-1992 жылдары ол Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтының (қазіргі Ы.Алтынсарин атындағы Білім академиясының) директоры болып жұмыс істеді.
Ғалымның қазіргі кезде жоғарғы оқу орындарына арналған «Қазақ әдебиетінің тарихы: қазіргі кезең», «М.Әуезовтің шығармашылық лабораториясы», «Жазушы еңбегі», «Көркем аударма және әдеби шығармашылық», «Әдеби компаративистика және көркем аударма» пәндері білім беру саласындағы жетістігімен қатар шәкірттердің, білім алушылардың білім алуындағы жүйелі және үйлесімді түрде қалыптасқан маңызды мәнге ие оқу құралы болып табылады. Сонымен қатар Ғалымның ғылыми жетекшілігімен 20-дан астам кандидаттық және докторлық диссертация қорғалды.
Жанғара Дәдебайұлының 600-ден астам ғылыми, оқу-әдістемелік еңбектері жарияланған. Солардың ішінде төмендегідей көрнектілерін атап айтқан орынды: I) Қазіргі қазақ тарихи романының тақырыптық дамуындағы М.Әуезов дәстүрі. Университет студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құрал. - Алматы, 1981; 2) Әдеби шығарма. Университет студенттеріне арналған оқу құралы. - Алматы, 1986; 3) Шымырлап бойға жайылған. Қазіргі қазақ әдебиетінің маңызды мәселелері туралы зерттеу. - Алматы, 1988; 4) Қазақ тарихи романы: дәстүр мен жаңашылдық: университет студенттеріне арналған оқу құралы. - Алматы, 1988; 5) Ғабиден Мұстафин: монографиялық очерк. - Алматы, 1989; 6) Мұхтар Әуезов: монографиялық очерк. - Алматы, 1990; 7) Өмір шындығы және көркемдік шешім: монография. - Алматы, 1991; 8) Бөлтірік Әлменұлы және қазақ шешендік өнері: оқу құралы. - Алматы, 1991; 9) М.Әуезов шығармашылығы. - Алматы, 1997; 10) Атыңнан айналайын, Әулие ата: тарихи-филологиялық зерттеулер. – Алматы, 1998; 11) Жазушы еңбегі. Монография. – Алматы, 2001; 12) Қазіргі қазақ әдебиеті: лекциялар курсы. – Алматы, 2002; 13) Менің университетім. – Алматы, 2007; 14) Адам және заман. – Алматы, 2007; 15) Тараз өлкесі. – Алматы, 2013; 16) Абайдың антропологизмі. – Алматы, 2014; 17) Шешендік өнер теориясының негіздері. – Алматы, 2016 т.б.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ.М.Мұтанұлы мен филология және әлем тілдері факультетінің деканы Ө.Әбдиманұлының төрағалығымен және шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі Д.Қарағойшиева мен орынбасарлары М.Аймагамбетова, Ә.Байелі және шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының профессоры м.а. Л.Мұсалының ұйымдастыруымен өткен бұл конференцияға Ұлттық университет ұжымымен қатар шығыстанушы, дінтанушы, әдебиет зерттеуші, жазушы, сыншы, филология ғылымдарының докторы Дербісәлі Әбсаттар қажы Бағысбайұлы; ақын, драматург, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин; Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, физико-математика ғылымдарының докторы Қожамқұлов Төлеген Әбдісағиұлы; Қазақстан Жазушылар Одағы Басқарма Төрағасының орынбасары Жақып Бауыржан; Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бейсенова Шәрбану Қонақбайқызы; ақын, Қазақстан Жазушылар одағының I.Жансүгіров атындағы сыйлығының иегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Чечен Республикасы Жоғарғы Мемлекеттік «Ұлт намысы» орденінің иегері, Чеченстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ниязбеков Рафаэль; Қырғызстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Ахматалиев Абдылдажан Амантурұлы; С. Демирел университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Дандай Ысқақ; Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Балықбаев Тахир Оспанұлы; тарих ғылымының докторы, профессор, Қазақ білім академиясының академигі Амангелді Құсайынұлы, М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің проректоры Әбдуали Асқар Бегалыұлы; филология ғылымдарының докторы, Е.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың профессоры Досжан Бекжан; филология ғылымдарының докторы, профессор Рахымжан Тұрысбек; Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Бағдат Карбозов; Талас ауданы әкімінің орынбасары Дадабаев Серік Ералыұлы; Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының профессорлары мен ғалымдары қатысып, өздерінің жылы лебіздерін жеткізді. Қазақстанның білім және ғылым министрі Б.Сағадиев өзінің жүрек жарды құттықтауын жолдады.
Конференцияда ғалым Ж.Дәдебайұлының АБАЙТАНУ. ТАҢДАМАЛЫ ЕҢБЕКТЕР. КӨПТОМДЫҚ ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМНЫҢ 36-шы томының тұсаукесері болды. Әдебиет пен шығармашылық өнерді, зерттеулер мен талдауларды қамтыған бұл еңбегі ғалымның ұстаз ретіндегі, ғалым ретіндегі ұрпақ алдындағы парызының өтелгенінің көрінісі. Осы конференция негізінде Ұлттық университеттен Ж.Дәдебайұлының ғылым, білім, шығармашылыққа толы өмір жолына арналған «Өнегелі өмір» атты кітап пен библиографиясы жарық көрді.
Ж.Дәдебайұлы аталмыш ғылыми-конференцияда өз атынан студенттерге арнап арнайы 100 мың теңгелік шәкіртақы тағайындады. Филология және әлем тілдері факультетінде бакалавр, магистратура және докторантура бойынша білім алушыларының ішінде білім сапасының көрсеткіші жоғары, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан студенттер марапатталды. Аталған 100 мың теңгелік шәкіртақымен шетел филологиясы мамандығының докторанттары Алимбаева Адилия, Оңғарбаева Меруерт, Телғараева Лаура мен 2 курс магистранты Болат Ақиқат марапатталды. Сонымен қатар профессор Ж. Дәдебаевтың 70 жылдығына арналған студенттер, магистранттар арасында жарияланған әдеби-шығармашылық байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болды.
Әрқашанда адамның ұрпақ алдында, білім мен ғылым, заман мен замандас алдында жасаған еңбегі ақталары сөзсіз. Ж.Дәдебайұлы аталған бұл парыздарды артығымен орындады десек артық айтқанымыз емес. Бүгінгі конференция ғалымның еткен еңбегі мен төккен терінің жемісі.
 Даутова Бибігүл

Филология магистрі
Қасымақын Гүлдана
Қазақ филологиясы мамандығының 1-курс магистранты

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста