Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жапонтану апталығы өтуде

Алматыда осы жылғы ақпан айында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен жапондық Цукуба Университеті арасында қол қойылған меморандум және «Капустағы кампус бастамалары» жобасы аясында ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында 10-15 наурыз аралығында Цукуба Университеті өкілдерінің қатысуымен жапонтану апталығы өтуде, деп жазады «Алаш айнасы» «Қазақпаратқа» сілтеме жасап.
Бағдарламада - «Жапониядағы және Қазақстандағы студенттердің өмірі» халықаралық студенттік форумы, Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Камохара Масаёсидің қатысуымен «Елші сағаты» өтеді, онда «Жапония мен Қазақстан арасындағы өзара ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі және даму перспективалары» тақырыбында елші дәріс оқиды. Сондай-ақ жапон тілі бойынша шешендік өнер конкурсы, Жапония мәдениеті күні, Адам ресурстарын дамыту жөніндегі қазақстандық-жапондық орталықта болу, Жапония студенттері үшін Алматы қаласы бойынша танысу экскурсиясы жоспарланған.
«Капустағы кампус бастамалары» меморандумы одан әрі ынтымақтастықты көздейді, оның аясында тараптар әріптес-университетке өзінің кампусын зерттеу және білім ресурстары үшін пайдалануға ұсынады. Келісім таяудағы бес жылға жасалған, онда түлектерді даярлау жүйесін жасау көзделген.





