Әлдекімдер планшеттен де ақша жасап жатыр ма?

Әлдекімдер планшеттен де ақша жасап жатыр ма?

Биыл мұғалімдерді қайдам, онлайн оқыған оқушыларға қиын болды. Коронавирус індеті өршіп кеткен соң 2019-2020 оқу жылының төртінші тоқсанын амалсыз қашықтан оқуға мәжбүр болдық. Бұрын-соңды білмеген, таңсық жүйеге ешбір дайындықсыз бас салып жібердік те, бір жарым ай ырду-дырдумен-ақ өтіп кетті. Тіпті, аз уақытта қай платформаның тиімді не тиімсіз екенін де ажырата алмай қалды көбі.

 

Алайда, жаңа оқу жылында да қашықтан оқитынымыз әу бастан белгілі еді. Себебі, індеттің беті әлі қайтқан жоқ. Соған сәйкес, үш ай демалыста барлық жағынан дайындық пысықталу керек еді. Сол кезде министрлік те, мектеп директорлары да әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларының бәрі қажетті құралдармен қамтамасыз етіледі деп сендірген. Тіпті, мектеп балансындағы компьютерлер де уақытша қолдануға берілетінін айтқан. Қош делік, бірақ ата-аналар неге шағымдануда?
Мәселен, төрт баланың анасы Еңлік Ақдәулеттің айтуынша, №43 мектеп басшылығы жаңа планшет пен ноутбук берген. «Бірақ біздің қолымызға тиген планшеттің сапасы нашар. Жады өте аз. Істеуін істейді, бірақ арасында қатып қалады. Планшеттің ішінде WhatsApp-тан басқа ештеңе жоқ, соның өзінде «Онлайн мектептің» өзіне кіруге әлі жетпейді. Басқа да планшет алған ата-аналар чатта осындай шағым айтып жатыр. Тіпті, сыртында марка атауы да жазылмаған. Басында сынып қалмасын деп сыртына қап іздедік, бетіне әйнек жапсырайық деп апарсақ, біріншіден, мұның мөлшеріне келетін дұрыс қап жоқ. Тек қытайдың жаман қабы. Ал әйнек пластиктің бетіне дұрыс жабыспайды деді сервистегі жігіт. Сонымен планшет қаптаусыз қалды. Ал ноутбук істеп тұр. Мектеп директорына хабарласып едім: «Бізге бұл құралдарды қала әкімдігі, яғни, Білім басқармасы берді» деді. Соған қарамастан, мұғалімдер «Балаларыңыз неге ата-анасының атымен қосылып тұр? Біз планшетті не үшін бердік?» деп дүрсе қоя береді. «Мына планшеттеріңіз интернетті тартпайды, үзіліп кете береді» десек, «Бәлкім, интернет дұрыс емес шығар, тарифіңіз бітіп қалған болар» деп баланың әңгімесін айтады. Оның жанында 4-5 жыл бұрынғы қолданып жүрген планшет, телефонымыз істеп тұр», – дейді.

Ата-ана планшетті қайтарып берсе де, мектеп ұжымы шу шығармасын деп орнына нетбук беретінін айтқан. Бірақ нетбук те қолдануға ыңғайсыз дейді. «Нетбуктың жаман жері бала үй тапсырмасын суретке түсіріп жіберуі керек. Оны веб-камерамен түсіргенде теріс айналып қалады. Айналып келгенде, бәрібір өзіміздің ескі телефон, ноутбугымызды қолданып жатырмыз», – дейді Еңлік Ақдәулет.
Бір қызығы, Алматы қаласындағы мектеп басшылықтары дәл осы планшеттің бағасы 60 мың теңге тұрады деген. Алайда, ата-аналар 60 мың теңгеге жады 1 гб емес, 32 гбайт жақсы планшет сатып алуға болатынын айтып, зар илеуде. Себебі, ертеңгі күні істемей қалса немесе бала сындырып алса, 60 мың теңгені ата-ананың мойнына іліп қоятыны бар. «Бізге жауапкершілікпен берген соң, бағасын білуге құқымыз бар. Мектеп директорынан сұрап едік, сол 60 мың теңгенің шамасында деді. Бірақ бұл планшет 60 мың теңге тұрмайды. Кейбір IT мамандарының айтуынша, дәл осы планшетті барахолкадан 20 мың теңгеге алуға болады екен. Одан да әр мектепке ақшасын берсе, сол ақшаға өздері-ақ планшет сатып алатын еді ғой. Егер құны әрі кетсе 30 мың теңге тұратын планшет беріп, құнын 60 мың теңге деп жарияласа, бұл жерде бір шикілік бар», – дейді тағы бір ата-ана.

 

Ата-аналар «Планшеттің жырын» әлеуметтік желіде де талқыға салуда. «Мынаны планшет деп беріп тұр ма? 60 мың теңгеге Samsung маркасындағы планшетті сатып алуға болады ғой. Балаларға бөлінген ақшадан жеуден арланбайсыңдар ма?» деген тағы бір ата-ана жанайқайын жеткізіп. Ал бүгін олар бұл планшеттің «Youve TK10gsm» деп аталатынын және Alibaba.com сайтында 22500 теңге деп тұрғанын жариялады. «Әрине, бұл зауыт бағасы емес. Арада алыпсатарлар жүруі әбден мүмкін. 22500 теңгеге қандай планшет келетінін бағамдай беріңіз. Білімге, балаға деген көзқарас түзелмей, мына түрімізбен біз ешқашан көгермейтін шығармыз» дейді ата-аналар.

 

 

 

Біз бұдан кейін Алматы қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Айтқұловаға хабарласып, мән-жайды анықтағымыз келген. Алайда, ол тікелей жауап беруден бас тартып, әкімнің баспасөз қызметіне сауал жіберу керектігін ескертіп әуре болды. Есесіне, біз қажетті жауапты Білім басқармасының баспасөз хатшысы Қуандық Ешіметтен алдық.

Мектеп директорына айтып, басқасын ауыстырып береміз
– Ата-аналардың планшетке байланысты шағымын естіген шығарсыз. Интернет тартпайтын, жады аз құрылғының 60 мың теңге тұратыны рас па?

– Бұл елдің айтып жатқан өсегі. Ол планшет неге сынады? Егер де істемей қалса, мектеп директорына апарса, орнына басқасын береді. Болды. Бұл мәселе шешілген.

– Бұл сонда базардан сатып алынған планшет пе? Не маркасы жазылмаған дейді ғой...

– Ата-аналар айтып жатыр дейсіз. Сіз журналист ретінде кімге сенесіз? Ата-анаға ма, әлде нақты фактіге ме?

– Әрине, ата-анаға сенуге тура келеді. Интернетке кірмесе, оқушы сабаққа қолдана алмаса, кімге сенейін? Жап-жаңа планшет неге істемей қалады?

– Егер планшет істемей қалса, директорға апарып берсін. Мысалы, біз бір ғана планшет сатып алған жоқпыз ғой. Қала бойынша мектептердің 75 пайызын қамтамасыз еттік. Әлі де таратамыз. Бізге неше түрлі планшет келді. Үкіметтің ақшасына келгені бар, республикалық бюджеттен сатып алынғаны бар, демеушілердің берген планшеттері бар. Оны кез келген дүкеннен, тіпті Технодом, Sulpak техника дүкенінен сатып алса да істемей қалуы мүмкін. Бірақ ол кезде алған адам қағазымен барса, орнына басқасын ауыстырып береді. Сол сияқты 50 мың ноутбук, планшеттің ішінен ақау шығатыны кездеседі. Соларды түсінбеймін, Білім басқармасының, бүкіл орынбасарының, колл-орталықтың нөмірі тұр. Бізге хабарласып: «Берген планшеттерің істемейді» деп неге айтпайды? Тағы да жаңа планшеттер келе жатыр. Яғни, ауыстырып беруге мүмкіндік бар. Бізге айтса, міндетті түрде мәселені шешіп береміз. Фейсбук желісінде ата-аналардың жазған пікірін оқыдым. Олар Kaspi.kz дүкеніндегі планшеттермен салыстырып отыр. Біз бұл банкпен жұмыс істеген жоқпыз. Оның тура сол планшет екенін қалай дәлелдей алады?

– Бәлкім, тендерді бірек ұтып алып, балаларды арзан планшетпен алдарқатып отырған шығар?

– Тендер туралы мәселе бойынша ресми сауал жіберіңіз. Тендерді қандай компания ұтып алғанын, қанша ақша бөлінгенін сонда жауап береміз.

P.S. Сонда құны 22 мың 500 теңге тұратын планшетті 60 мың теңгеге бағалап жүрген кім? Алматы қаласындағы мектеп оқушыларының қашықтан оқуын қамтамасыз етуді қандай компания мойнына алды? Ол үшін тендерден қанша ақша ұтты? Біз бұл жөнінде Білім басқармасына ресми сауал жолдадық, жауап күтеміз. Біз бұл жөнінде Білім басқармасына ресми сауал жолдадық, жауап күтеміз.  

www.nege.kz/

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста