Әлем әдебиетінің алыбы

Әлем әдебиетінің алыбы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен «100 кітап» аясында шетелдік студенттерге арналған «Әлем әдебиетінің алыбы (Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы)» атты ашық тәрбиелік іс-шарасын өткізді. Шараға кафедра оқытушылары мен дүние жүзінен келген, осы кафедрада білім алып жүрген шетелдік студенттер қатысты.
Жиында сөз алған кафедра оқытушысы Р. Дүйсенбаева көркем сөздің пірі, заманымыздың кемеңгер жазушысы, дана ойшыл, ғұлама ғалым, әлем әдебиетінің алыбы, қазақ әдебиетінің «екінші Абайы» Мұхтар Әуезовтің өмірі туралы кеңінен мәлімет беріп, шығармашылығына жалпы шолу жасады.
Шараны оқытушылар Е.Р. Игнатова, Д.С. Толмачева, Т.Курмановалар дайындаған шетелдік студенттердің үш тілдегі Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби монтажы жалғастырды.
Одан кейін кафедраның оқытушылары сөз алып, М. Әуезов шығармашылығы - ауыз әдебиеті мен классикалық әдебиеттің, батыс пен шығыс көркем сөз мұрасының озық дәстүрін жете меңгеріп, қазақ әдебиетінің реалистік сипатын арттырып, әдеби тілді байытуға ересен еңбек сіңрген жазушы М. Әуезовтің шығармашылық сапары 20 жылдардың бас кезіндегі «Қорғансыздың күнінен» «Абай жолы» роман-эпопеясына, «Еңлік-Кебек» трагедиясынан «Қарақыпшақ Қобыланды» драмасына, теориялық зерттеу еңбектері бар ұзақ жемісті жол екеніне тоқтала отырып, баяндамаларымен таныстырды.
Оқытушы А. Ахмедова өз сөзінде «Абай жолы» – Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі роман-эпопеясы туралы мәлімет беріп, «Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды екендігі жайлы, сондай-ақ Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсеткенін, бұл роман-эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танылғанын, роман-эпопеяның танымдық мәнімен бірге ұлттық әдебиет пен мәдениетті, ана тілін өркендетудегі рөлі зор болғанына тоқталды.
Студенттер Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы жөнінде көптеген сұрақтар қойды. Сонымен қатар, бұл шетелдік студенттер аталған іс-шараға арнайы ұйымдастырылған шағын қойылымға қатыса отырып, қазақ және орыс тілдерін меңгерген деңгейлерін көрсете білді.
Дәстүр бойынша іс-шара соңында кафедраның мұражайында сақталу үшін әрі тарих үшін жалпы фотосуретке түсті.
«Әлем әдебиетінің алыбы (Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы)» атты ашық тәрбиелік іс-шара мәдени диалог түрінде шетелдік студенттердің өздерінің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті, сонымен қатар
мәдениетаралық коммуникация студенттерді Қазақстанның тілін, тарихын және мәдениетін құрметтеуге үйретуде өз үлесін қосты деп санауға болады.




Саденова А.Е., Игнатова Е.Р., Толмачева Д.С.

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру

дайындығы кафедрасының оқытушылары

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста