«Әлемдік университеттердің деңгейіне жетуге жұмыс жасап жатырмыз»

«Әлемдік университеттердің деңгейіне жетуге жұмыс жасап жатырмыз»

Ермек НҰРМАҒАНБЕТ, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ғылыми жұмыс және интернациоландандыру проректоры:

«Әлемдік университеттердің деңгейіне жетуге жұмыс жасап жатырмыз»

Еліміз бәсекеге қабілетті, алдыңғы қатарлы отыз елдің қатарынан көрінуі үшін білім саласында білікті маман дайындап, сапалы білім беру қажет екені айтпаса да түсінікті. Осы орайда соңғы жылдары еліміздегі ЖОО-на қойылар талап күшейе түсті. Елбасының өзі бұл жайында «барлық университеттерде ғылыми орталықтар, зертханалық лабораториялар болуы керек. Бизнес өкілдерімен ынтымақтасып, коммерциаландыруға шығу керек. Бізге университеттердің саны емес, сапасы қажет. Қазір рейтинг жүргізіледі. Рейтинг кезінде ІТ-технологиядан, жаңашылдықтан, техникадан, инженерлік жаңашылдықтан біздің үлкен университеттеріміз артта қалды. Жай жеке университеттер алдыға шықты. Сондықтан, кейбір университеттер уақыт өте өзінен өзі қалып қояды. Себебі, оларға грант берілмейді. Егер университет сақталып қалғысы келсе, заман талабына сай келуі қажет» деп атап өткен болатын. Осы орайда Ақтау қаласындағы Шахмардан Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті Елбасы айтқан талап үдесінен шығуға тырысып, заманауи білім беру ордасына айналуды мақсат еткен ЖОО-ның бірі әрі бірегейі деуге болады. Елбасы тапсырмасы университет атауында тұрған, IT және инжинирингтік қызмет көрсетуді басты мақсат еткен университет санаулы уақыт ішінде заман талабына сай бейімделіп, қоғамымызға қажетті нағыз мамандарды даярлауды мақсат етіп, сұранысқа сай бола білген, жаңа заман технологияларымен қамтылған, оқу-зертханалық базалары соңғы үлгіде даярланған, сондай-ақ, әлемнің белді оқу орындарымен тығыз байланыста дамып отырған бірден бір оқу орны. Қазіргі таңда Ресей, Әзербайжан, АҚШ, Италия, Германия, Польша, Қытай, Түркия елдерінің оқу орындарымен тәжірибе, студент алмасу жұмыстарын жүргізіп отырған заманауи оқу орнының проректорымен сұхбаттасып, университеттің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып көрген едік.

— Жақында университеттің бренді қабылданыпты. Сұхбатымызды осы тақырыптан бастасақ, университет брендін қабылдаудағы басты мақсаттарыңыз неде?
— Елбасы өзінің халыққа арнаған Жолдауында «Біз әлем елдерінің сенімі мен құрметіне бөленіп, брендке айналған тәуелсіз Қазақстанды құрдық» деген болатын. Осы орайда тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағының келбетін құрар өскелең ұрпақ тәрбиелеуде жоғары оқу орындарының рөлі ерекше. Әлемнің алдыңғы қатарлы ЖОО-дары соңғы жылдары өздерінің даму барысында түрлі маркетингтік стратегияларды қолдануда. Қазіргі кездегі білім беру нарығында ЖОО арасында бәсекеге қабілеттіліктің артуы оқу орындарының өздерінің стратегиялық мақсаттарын айқындап, университет брендін жасауға бағыттайды. Университеттер өздерінің болашағын және миссиясын брендті қолдану арқылы көрсетеді. Брендтің стратегиялық маңызы — университет қызметі туралы жай ғана ақпарат беріп қоймай, талапкерге, олардың ата-аналарына, демеушілерге, бизнес серіктестерге бағытталған университеттік белсенді маркетингке көшуді көздейді. Бұл бағытта университеттің стратегиялық даму жоспары әлемдік ғылым-білім кеңістігіне кіріп, жоғарғы жетістіктерге жету мақсатында университеттің жаңа брендін жасауға ықпал етеді. Болашақта даму барысында университетіміз қабылдап отырған брендімізге сай ғылыми зерттеулермен және кәсіпкерлік, инновациялық бағыттағы жұмыстармен айналысатын, халықаралық деңгейдегі жан-жақты дамыған ЖОО айналуы тиіс. Өз брендін жасау арқылы университеттің ерекшелігі көрсетіледі, танымалдылығы артады. Біз де бренд таңдау кезінде әлемдік деңгейде танымал жоғары оқу орындарының, қазақстандық алдыңғы қатарлы ЖОО брендтерін зерделеп, талдап, ізденістер жүргіздік. Биылғы оқу жылында университетіміз жаңа стратегиялық жоспарларымен, жаңа брендпен жас мамандар дайындаудағы еңбегіне жаңаша серпін береді деген ойдамыз. Жалпы, елдің атын шығарып, келешегін айқындауда университеттердің алатын орны ерекше, әлемдік өркениет тарихында бұған мысалдар жетерлік. Сондықтан, Елбасы тапсырмасына сәйкес бүгінгі күні әлемдік университеттердің деңгейіне жетуге жұмыс жасап жатырмыз.
— Оқу орнында соңғы уақытта қандай жақсы жаңалықтар орын алуда?
— Университетімізге былтырғы оқу жылында жаңа ректордың келуімен көптеген жақсы жаңалықтар орын алды. Жоғарыда айтып өткеніміздей, университетіміздің жаңа бренді қабылданып, студенттерге көптеген жағдайлар жасалды, жаңа жүйелер енгізілді. 2017 жылдан бастап университет дамуының жаңғыру кезеңі басталды. Нарық сұраныстарына сай мамандар даярлау басты назарда болып отырған қазіргі кезеңде заман талабына орай білім беру міндеті, ЖОО арасында бәсекеге қабілеттіліктің артуы оқу орнының жаңа стратегиялық мақсатын айқындап берді десек болады. Бүгінгі күні оқу ордамыз жоғары материалдық-техникалық базамен жабдықталған, студенттердің интеллектуалдық және шығармашылық дамуына жан-жақты мүмкіндік беретін, аймақтың дәстүрлі және инновациялық кластерлері, атап айтқанда, мұнай-химиялық, логистикалық, туристік, энергетикалық, теңіз, тағы басқа осы саладағы мамандар даярлауды жүзеге асыруға икемді тұтас ғылыми-техникалық инфрақұрылым болып табылады.
Кәсіптік үздіксіз білім беру тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылы университет жанынан құрылымдық бөлімше ретінде колледжіміз ашылды. Кәсіптік білім беруді дамыту бағытында бұл да Елбасымыздың берген тапсырмасы болатын. Университеттік арнаулы орта білім беретін бұл құрылым мектеп бітірген оқушыларды мұнай-газ, экономика және инженерлік мамандықтар бойынша дайындайды. Теңіз мамандарын даярлауда республикадағы жетекші оқу орны екенімізді де мақтан тұтамыз. Қазақстандық жоғары оқу орындарының рейтингісінде мамандықтар бойынша еліміздегі ең үздіктердің қатарына еніп отырады. Мысалы, «Информатика», «Тасымал, қозғалысты ұйымдастыру және транспорт эксплуатациясы», «Мұнай-газ ісі» және «Пайдалы кен орындарының геологиясы мен барлау», «Есептеу техникасы мен ақпараттық қамтамасыз ету», «Жылу энергетикасы», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»», «Технологиялық машиналар мен құрылғылар» мамандықтарын атап өтуге болады. Университетте оқитын шетел азаматтарының саны да жылдан-жылға артып келеді. Университетімізде 20-дан астам ұлттың өкілдері білім алады. Алыс-жақын шетелдерден, атап айтқанда, Ресей, Әзербайжан, Дағыстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Қытай, Корея, Түркия Республикасы секілді елдерден келіп оқитын студенттеріміз де бар. Олар қазақ және орыс тілдерінде білім алып, халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін үйреніп, құрметтеуге дағдыланды.
2018 жылы ақпан айында ашылған Үздіксіз білім беру институты аз ғана уақыт ішінде өз қызметін жолға қойып, мамандардың біліктілігін кәсіби тұрғыдан жетілдіру мен қайта даярлау жүйесінің өзекті білім беру бағдарламаларын әзірлеуді жүзеге асыруда, білім саласындағы инновациялық процестерді қолдау мен әдістемелік жұмыстардың тиімділігін арттыруда жоспарлы жұмыстар жүргізіліп келеді.
— Бүгінде қоғамымызда ғылымды өндіріспен ұштастыру мәселесі назардан тыс қалды деп алаңдайтындар жетерлік. Сіздердің университеттеріңізде бұл мәселе қалай шешілген?
— Елбасы атап көрсеткендей, IT және инжинирингтік қызмет көрсетуді дамыту ерекше маңызға ие болып отырған кезеңде білімге негізделген экономиканы қалыптастыру жағдайында жоғары оқу орны базасында ғылым мен білімді интеграциялау, халықаралық ынтымақтастық негізінде мамандарды дайындау жүйесін халықаралық стандарттарға сай жетілдіре отырып, профессор˗оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру, шетелдік ЖОО-мен тікелей келісімшарттар бойынша оқу және ғылыми-зерттеу қызметіне жаңа технологиялар мен озат тәжірибелерді қолдану арқылы жүзеге асыру — университеттерді дамытудың басым бағыттарының бірі болмақ. Университетте 1998 жылдан бері «Теңіз техникасы мен технологиялары», «Кеменің энергетикалық құрылғылары», «Кеме жүргізу», «Су көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру» секілді мамандықтар бойынша мамандар даярлау жүзеге асырылып келеді. Еліміздегі осы бағыт бойынша білім беріп жатқан бірден бір және теңіз жағасында орналасқан оқу орны болғандықтан, алған біліміміз бен ғылымды өндіріспен ұштастырып отыруды әрқашан назарда ұстаймыз. Университеттің 2012-2017 жылдардағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына бөлген жалпы қаржысы 106,0 млн. теңгені құрайды. Бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта арттыра түсуді ойластырып отырмыз. Университетте ғылыми-зерттеу институтының ашылуы — жоғары білімді ғылыммен ұштастырып, университеттің ғылыми әлеуетін көтеруге жасалған маңызды қадам. ҒЗИ қызметі ғылыми-зерттеу жұмыстарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының ғылыми басымдықтары бойынша мемлекеттік индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ, университет жанынан гуманитарлық зерттеулер институты да ашылмақ. Ол туралы университеттің Ғылыми кеңесінде биылғы жылдың наурыз айында шешім қабылданды.
Университетте студенттердің қатысуымен бірнеше стартап жобасы іске қосылды. Соның бірі — университетіміздің 2 курс студенті Құттыбаев Мырзағалидің «Өзін өзі қуаттандыратын электрокөлік» жобасы еліміздің әртүрлі байқауларында жеңімпаз атанып жүрсе, ЭКСПО-2017 көрмесінде студенттеріміз әр түрлі жобаларын ұсынып, жеңіске жетті. Осы жобаларды жүзеге асыруда қаржыландыру мәселесін шешіп жатырмыз.
— Студенттерді жергілікті басқарушы орындар тарапынан қолдау жұмыстары қалай?
— Облыстағы ірі мұнай және газ компанияларының корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі студенттердің тегін оқулары мен жұмысқа орналасуларына көмектесулерінен байқалады. Олар өз қызметкерлерінің балалары мен әлеуметтік деңгейі төмен отбасынан шыққан балалардың оқу ақысын төлеу мен кейбір мамандықтарда оқитын студенттердің тобын тегін оқытып, кейін жұмысқа орналастыруға кепілдік беру секілді шараларда белсенділік көрсетіп келеді. Соның дәлелі — 2007-2008 оқу жылында университет студенттеріне демеуші мекемелер бөлетін стипендиялар мен гранттар саны жөнінен республикада бірінші орында болғаны үшін оқу орны Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының А.Байтұрсынов атындағы күміс медалімен марапатталды. Оқудағы, қоғамдық жұмыстардағы белсенді студенттерді ынталандыру мақсатында университет ректоры атаулы стипендияларды тағайындап отырады. Студенттердің әлеуметтік жағдайы ескеріліп, жекелей қолдау жасау ісі де назардан тыс қалған жоқ. Кейбір студенттеріміз үшін оқу ақысына 50-100 пайыздық жеңілдік қарастырылды. Балалар үйлерінен тәрбиеленіп шыққан студенттер жатақханамен тегін қамтамасыз етіліп, оқу жылы бойына тегін тамақтанып отырады. Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде қызметкерлер мен студенттерді әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру, өмір сүру деңгейін жақсарту және өз міндеттерін тиімді атқару мақсатында қызметкерлер мен студенттер үшін әлеуметтік қоржын қарастырылған. Биылғы жылдың басында 75 пәтерлі қызметтік үйіміз пайдалануға берілді. Университет ұстаздары үшін арнайы салынған үйге Білім және ғылым министрі мен облыс әкімі арнайы келіп, салтанатты ашылуына қатысты. Яғни, Университетімізге сырттан келіп, студенттерді сапалы біліммен сусындатамыз деген оқытушы-профессорлар үшін қызметтік пәтеріміз дайын. Сондай-ақ, соңғы үлгіде жабдықталған, студенттерімізге арналған үлкен спорт кешеніміз де бар. Онда тренажер залдары, футбол алаңы, олимпиадалық жарыстарға студент дайындауға болатындай бассейні, фитнес, бокс залдарының барлығы заманауи үлгіде салынған.
— Өзге оқу орындарынан ерекшелеп айтып өтер қандай жетістіктеріңіз бар?
— Қазіргі таңдағы ел экономикасының дамуына серпін беретін, әсіресе, аймақтың әлеуетін арттыруға септігін тигізетін бағыттардың бірі — «Жасыл экономика» бағытын университетіміз қолдап қана қоймай, оған өз үлесін де тигізіп отыр. Елбасының «жасыл экономиканы» дамыту бастамасын қолдау және экологиялық тұрғыдан қауіпсіз көлікке көшу мақсатында Қазақстанда бірінші университет болып электромобиль транспортына көштік. Яғни, Қазақстанда жасалған екі электромобилді алып, қолданысқа беріп жатырмыз. Электромобилдің қолданысын арттыруға инфрақұрылымдардың жеткіліксіздігі, атап айтқанда, оны қуаттандыратын бекеттер мен құрылғылардың жеткіліксіздігі себеп екені жасырын емес. Маңғыстау өңірінде электромобилге қатысты осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында университетімізге қарасты зерттеу институтының қызметкерлері әмбебап қуаттағыш құралдары мен тез арада қуат беретін бекеттер санын арттыруға жұмыс істеп жатыр.
Бұл жасыл технологияға бет бұрып, Елбасы тапсырмасын іске асыруға қатысты алғашқы қадамымыз десек болады. Электромобильдерді қуаттандыру бойынша зарядтау станциясын біздің университетіміздің ғалымдары ойлап тапқанын мақтаныш етеміз. Біздікілер мұндай құрылғыны Қытайдан немесе Украинадан алады. Оның бағасы 3 млн-нан 5 млн аралығын құраса, біздің зарядтау станциямыз бұл бағалардан әлдеқайда төмен. Қазіргі таңда бұл жаңалығымызды патенттеу үшін құжаттар әзірлеудеміз. Бәрімізге белгілі, күн — балама энергия көзі ретінде де маңызды. Күн энергиясы су жылыту, салқындату, жылыжай сынды көптеген салада тікелей қолданылады. Осы энергия электр қуатына Күн панельдері арқылы айналдырылады. Осыған орай Университетіміз электр энергиясын үнемдеу мақсатында территориямызға күн панельдерін орналастыруды жоспарлап отыр. Осылайша, «жасыл экономиканы» қолдайтынымызды іс жүзінде дәлелдеп жатырмыз.
Жалпы, алдағы уақытта ғалымдарымыздың еңбегін нарыққа шығарып, коммерцияландыруды көздеп отырмыз. Оқу ордамыз мұнайлы өңірде орналасқандықтан, мұнайға қатысты мұнай компанияларымен ғылыми сараптамалық жұмыстарды жандандырып жатырмыз. Өңіріміздің тағы бір ерекшелігі — Каспий теңізі. Университетімізде теңіз академиясы ашылды. Мақсат — сапалы теңіз мамандарын дайындау. Қазіргі таңда осы бағытты жандандыру мақсатында шетелдің теңіз мамандарын дайындайтын университеттерімен және осы өңірде қызмет жасайтын теңіз мекемелерімен келісімшарт жасасып отырмыз. Теңіз, мұнай-газ ісі мамандықтары бойынша үш дипломдық бағдарламаны жүзеге асыруды қолға алдық, яғни, студенттеріміз 3 шетел университетінің дипломдарына ие болады деген сөз.
Университет ғалымдары мен «Алтай Агро Фарм» ғылыми зерттеу институтының мамандары ЭМ ЭКО биологиялық препаратын жасап шығарды. Ол канализация мен тұрмыстық қалдықтарды өңдеп, ауылшаруашылығына қажетті тыңайтқышқа айналдыратын өте пайдалы биологиялық өнім. Сондай-ақ, Жаңаөзен қаласындағы 122 га тоған суына биологиялық тазалау-тұндыру жұмыстарын жүргізу мақсатында келісімшартқа отыру жұмыстары жоспарлануда. Тоған суын алдағы уақытта агрозонаға пайдалану мақсатында тазалануда. Егер еліміз бойынша тұрмыстық қалдық суларын осы жолмен өңдей білсек, бұл суды үнемдеу мақсатында жасалған игі шара болар еді. Бұл бүгінгі күні әлем бойынша таза ауыз суды үнемдеу секілді үлкен мәселенің алдын алғанымыз болар еді. Мәскеудегі Ширшов атындағы институт пен біздің университетіміздің ғалымдарымен бірге Каспийдің Ақтау бөлігін зерттеуге қатысты жұмыстар жүргізілуде. Алдағы уақытта бұл жұмыстарды одан әрі жалғастыру жоспарлануда.
Сондай-ақ, Университетіміз беларустық ғалымдармен бірге өңірдің экологиялық жағдайын бақылауды қолға алып отыр. «Чернобылдегі радиоактивті заттарды зерттеуде тәжірибесі мол әріптестерден үйренеріміз көп» дейді оқу ордамыздың мамандары. Бүгінгі күні 52 миллион тоннадан артық уран қалдықтары жиналған, желді күндері тозаңы жақын орналасқан Ақтау, Ақшұқыр аудандарына ұшатын, Қошқар-Ата жасанды көлін қауіпсіздендіру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, қалада «жасыл технологияны» енгізіп, экологиялық тұрғыдан таза инфрақұрылымды дамыту жолдарын мақсат еткен Университетіміз Қазақстандағы экологиялық мекемелердің Қауымдастығына кірдік.
Сондай-ақ, Маңғыстау өңірінде ауыз су мәселесін шешуде университет ғалымдары суды тұщыландыруды жүзеге асыруға байланысты арнайы жобаны жүзеге асыруды мақсат етуде.
Байқаймын, оқу ордасы заманға сай жаңғырып, бейімделіп жатқан секілді. Өзгерістерден үлкен үміт күтеміз...
— Иә, өзіңіз байқап отырғандай, қазір оқу ордамыз алдыңғы қатарлы оқу орындарына сай болуға барынша ұмтылуда. Университеттің жаңа қарқыны, заман талабына сай өз мақсатын анықтап, алдына нақты міндеттер қою арқылы ілгерілеуге батыл ұмтылуы — университеттің жаңа ректоры Ахметов Берік Бақытжанұлының қызметімен тығыз байланысты екені де ақиқат. Жаңа заманның ілім-білімімен сусындаған, әлемнің беделді оқу орындарында оқып, көрген-түйгені мол, бұрын да еліміздің беделді жоғары оқу орнында басшылық қызметте болған Берік Бақытжанұлы университет тізгінін қолына алысымен, ойда жүрген идеяларын жүзеге асырып, университетті аймақтағы, қала берді еліміздегі алдыңғы қатарлы оқу ордасына айналдыруға күш салуда. Қазіргі уақытта университеттің құрылымында үлкен өзгерістер жасалып, оқу-тәрбие процесін қазіргі заманға сай ұйымдастыруға бағыт алып отыр. Биік белестерді бағындырып келе жатқан оқу ордасының қол жеткізген табыстары аз емес. Университет тірегі білімді де білікті профессорлық-оқытушылар құрамы болғандықтан, жастарға берілетін білім сапасын одан әрі арттыру бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып қала бермек. Осы орайда Университетіміздің одан әрі дамуына өзіндік үлес қосамын, студенттерге сапалы білім беріп, білікті маман қалыптасуына күш саламын дейтін оқытушылар болса, біздің оқу ордамыздың есігі әрқашан ашық. Әрқашан бір орында тұрып қалмай, дамудың өзіндік сара жолын таңдап отырмыз. Төрт-бес жылдан кейін университет түлектерін жаңалыққа, ашықтыққа бейім, коммуникативтік, ықыластылық дағдыға ие, мәселені өздігінен зерделеуге қабілетті, қоршаған ортаға деген объективті дүниетанымдық көзқарасы қалыптасқан, білім беру бағдарламасымен қоса жоғары ІТ дағдыларын меңгерген, креативті, ағылшын тілінде еркін, көсіле сөйлейтін, өз саласының мықты маманы ретінде елестетеміз. Сол мақсатқа талпынамыз!
— Алға қойған мақсаттарыңыз орындалып, еліміздің білімді, алдыңғы қатарлы мамандарын дайындауға өз үлестеріңізді қоса беріңіздер деген тілек білдіреміз. Әңгімеңізге рахмет!

Айман Сейілбекқызы 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста