Алматыда 7 мұғалім мен 18 оқушыдан туберкулез анықталды

Алматы мектептерінде 75 қызметкер уақытша жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз 100 аспаптық-зертханалық зерттеу жүргіздік. Жоспардан тыс тағы 75 тексеру болды, 105 айыппұл салынды, 100-ден астам хаттама толтырылды. Медициналық тексеруден уақытылы өтпеген 75 қызметкер уақытша жұмыстан шеттетілді», - деді Алматы қалалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова.
2019 жылдың сегіз айында Алматы мектептерінде 7 мұғалімнен туберкулез анықталды. Өткен жылы осындай 4 жағдай тіркелген болатын.
Оқушылар арасында 18 жағдай анықталды, ал былтыр 24 оқушы туберкулезге шалдыққан еді.
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу