Алматыда үздік мұғалімге пәтер беріледі

Алматыда үздік мұғалімге пәтер беріледі

Алматы қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов онлайн брифинг барысында мұғалімдердің жалақысы қашан көтерілетінін және олардың біліктігін дамытуға арналған шаралар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Келесі жылдан бастап қаладағы барлық мұғалімнің жалақысы 25% өседі. Ол үшін қажетті қаражат қарастырылды, сондықтан 1 қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы артады. Сондай-ақ еліміздегі мұғалімдердің біліктілігі мен мәртебесін көтеру аясында екі жылдан бері «Педагог мәртебесі» туралы заң жұмыс істеп жатыр. Оған қоса қала әкімдігі де мұғалімдердің мәртебесін көтеруге көңіл бөліп келеді», - дейді ол.

 

Сонымен қатар, ол биыл қала әкімдігінің бастамасымен екінші жыл қатарынан дарынды, үздік мұғалімдерді анықтайтын байқау өткізіліп жатқанын тілге тиек етті.

 

«Алматының үздік мұғалімі атанған маманға екі бөлмелі пәтердің кілті табысталады. Бірінші орынға – автокөлік, екінші және үшінші орынға ақшалай сыйлық беріледі», - деді Білім басқармасының өкілі.

 

Спикер, алдағы аптада мұғалімдер арасында өтетін «Алматы әкімінің гранты» байқауының қорытындысы шығатынын жеткізді. Онда үздік шыққан 10 мұғалім 2 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлық алады. Бұл шаралардың барлығы мұғалімдерді қолдауға бағытталған.

 

«Биыл қала мектептеріне 500-ге жуық жас маман келді. Оларды қолдау аясында еңбекақыларына 20 АЕК көлемінде қаржы қосылады. Оған қоса мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында курстар өкізіліп тұрады. Сондықтан бұл курстар ҚР білім және ғылым министрлігі және Өрлеу орталықтарымен іске асырылады», - деді спикер.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста