Алматыдағы байлардың балалары 5 млн теңгенің мектебінде білім алып жатыр (фото)

Алматыдағы ағылшын тілін және физика-математика пәндерін тереңдетіп оқытатын жекеменшік мектептердің құны Ұлыбританиядағы беделді университеттен де қымбат болып шықты деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
Мәселен «Haileybury Almaty» метебінде 1 сынып табалдырығын аттау үшін жылына - 5 778 545 теңге төлеу қажет. Ал, жоғарғы сынып оқушылары үшін жылына 8 819 123 теңге яғни, айына 2300 доллар ақы төлейді.
Оқу ақысы қымбаттығы жағынан екінші орынды еншілеген Халықаралық «Мирас» мектебінде білім алудан басқа бүлдіршіндерді де тәрбиелейді. 1-5 сынып аралығында оқитындар жылына орта есеппен 3 500 000, ал жоғарғы сыныптар үшін 5 089 000 теңге. Балабақша құны -2 191 000 теңге. Ал, шетелдіктер үшін 14 900 доллар.
«Халықаралық бағдарламалар ортылығы» АҚ-ның берген есебіне сүйенсек 2016 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу ақысы төмендегідей.
Яғни, 1 степендиатқа магистратура бағдарламасы бойынша білім алуына мемлекеттен бөлінген қаржы. Бұл соммада степендиаттың барлық шығыны қарастырылған.
Қытайда оқу -1 640 000 тг, Ресей -1 642 000 тг, Канада – 5 716 000 тг, Ұлыбритания – 8 500 000 тг, АҚШ -16 471 000 тг.
Есептей келе, баланы Алматыда оқытқан дұрыс па? Әлде шетел асырып білім берген тиімді әрі арзан түсетінін өздеріңіз саралап көріңіздер.





