Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS-ке құжат қабылдау басталды

Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS-ке құжат қабылдау басталды

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 2023-2024 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу үшін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурс жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Bugin.kz-ке сілтеме жасап.

Конкурстық іріктеуше жалпы білім беретін мектептердің 6-сынып оқушылары қатыса алады. Ол үшін үміткерлер 10 қаңтарға дейін келесі құжаттарды қабылдау комиссиясына өткізулері тиіс:

 

- Конкурсқа қатысу үшін өтініш;

 

- Сауалнама;

 

- Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткердің ЖСН-і, бар болған жағдайда жеке бас құжатының көшірмесі, заңды өкілдің ЖСН-і көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі;

 

- Үміткердің 6-сыныптың I жарты жылдығындағы үлгерімі мен тәртібі туралы табелінің көшірмесі. Талап етілген құжаттар оқитын мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім беру ұйымының мөрімен бекітілуі керек.

 

- Үміткердің графикалық файл түріндегі 1 МБ (мегабайт) кем емес көлемі 3х4 см. цифрлі фотосуреті немесе үміткердің фототүсірілімі құжат тапсыру кезінде қабылдау комиссиясында жасалынады.

 

Көрсетілген барлық құжаттар пластикалық тезтікпеге жинақталып, қабылдау комиссиясына ұсынылады.

 

Құжат қабылдау комиссиясы Алматы облысы бойынша Алматы қаласы Жамақаева, 145 мекен-жайы бойынша дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, ал сенбі күні 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс жасайды. Үзіліс уақыты: 12.00-13.00.

 

Айта кету керек, келушілер ағымын реттеу үшін арнайы онлайн брондау қызметі іске қосылған. Бұл жүйе мектепке келу күні мен уақытын алдын ала белгілеуге мүмкіндік береді.

 

Онлайн брондау нұсқаулығы:

 

- Зияткерлік мектептің веб-сайтын ашу https://fmalm.nis.edu.kz/kk/

 

- «Қабылдау комиссиясына арнайы кезекті брондау» қосымшасын ашу;

 

- Ашылған терезе арқылы күнтізбеде құжат тапсыру үшін мектепке келу күні мен уақытын таңдау;

 

- Өзіңіздің байланыс деректеріңізді көрсету;

 

- Брондауды растау;

 

Барлық бөлімдер толтырылып, бронь жасалғаннан кейін Сіз көрсеткен электрондық поштаға брондаудың расталғаны туралы хабарлама келеді.

 

Қабылдау комиссиясына құжаттарын қаңтардың 10-на дейін толық өткізген үміткерлерге кешенді тестілеуге қатысу рұқсатнамасы беріледі. Кешенді тестілеу 2023 жылдың 2 және 3 наурызда өтеді. Бірінші күні үміткерлердің жаратылыстану-математикалық бағыттағы, яғни математика, сандық сипаттамалар мен жаратылыстану пәндерді игеру қабілеті бағаланса, екінші күні - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен тест тапсырмаларын орындайды.

 

Тестілеу нәтижелері кешенді тестілеудің екінші күнінен 40 күнтізбелік күн өткеннен кейін www.nis.edu.kz сайтында жарияланады. Соңғы шешім «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссиямен қабылданады.

 

Құрметті жас өркен! Терең академиялық білім алып, кең ауқымды дағдыларды бойыңызға сіңіріп, үш немесе одан да көп тілді меңгеріп, еліміздің және әлемнің жетекші университеттеріне оқуға түсуді мақсат етсеңіз, біздің мектепке келіңіз! Байланыс телефондары: 233 10 100; 35 27.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста