Алты жасқа толмағандар мектепке қабылданбайды

Мектеп жасына толмаған бала мектепке қабылданбайды. Дайындық тобына баратын бала қыркүйек айына дейін жасы 5-ке, бірінші сыныпқа баратын бала 6 жасқа толып бару керек.
Бұл туралы “Keрek.info” газетінің тілшісіне облыстық білім басқармасының бас маманы Рахима Жамансарина хабарлады.
-Бұған дейін де осылай болды. Білім заңына және 2012 жылы қабылданған Үкімет қаулысына сәйкес 1 қыркүйекте 1 сыныпқа тек 6-7 жасқа толған балалар ғана қабылданады,- деді бас маман.
Рахима Сағиқызының айтуынша, бала саны жетіспеген жағдайда кейбір мектептер қабылдауы мүмкін, бірақ бәрі заң талабына сәйкес болу керек.
Дайындық тобын аяқтаған балалардың арасында 6 жасқа толмағандықтан дайындық тобына қайта барады.
Ал психолог мамандар бұл баланың психофизиологиялық жағдайына әсер етпейді, тіпті, тиімді болуы да мүмкін деп отыр.
-Ата-ана баланың психикалық құбылыстарының даму деңгейін ескере отырып, психологтармен, педагогтармен ақылдаса отырып шешуі тиіс. Дайындық тобына екінші рет бергенде әлеуметтік ортасының өзгеруі балаға тиімді болуы да мүмкін, - дейді психолог Мейрамгүл Есенғұлова.





