Ақтөбедегі мектепте бір оқушы екіншісін пышақтады

Ақтөбедегі мектепте бір оқушы екіншісін пышақтады

Ақтөбеде тағы бір оқыс оқиға тіркелді. Мектеп оқушылары төбелесіп, біреуі пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазан айында мектептегі 8 және 9 сыныптың екі оқушысы арасында кикілжің болып, біреуі пышақталды. Жеңіл жараланған оқушы ауруханаға жеткізілді. Дегенмен екі оқушының ата-анасы шақырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі кезде мәселе шешіліп, екі жақ татуласты. Оқушының қолындағы пышақ суық қаруға жатпайды екен. Құқық бұзушылықты болдырмау, қылмыстың алдын алу мақсатында жоғары сынып оқушылары және ата-аналармен бірлесе жұмыс істейміз», - деді Мұқағали Мақатаев атындағы №73 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлназ Ахметова.

Мектеп әкімшілігінің айтуынша, 8-сынып оқушысы өзіне қатысты балағат айтты деп сырттай естіп, 9-сынып оқушысын шақырып алған. Бұл мектептегі жағдай әжетхана ішінде болған.

«9-сынып оқушысы қалтасындағы пышақты шығарып, жаралаған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды», - деді Гүлназ Ахметова.

Еске салсақ, облыстық прокуратура жастардың қалтасындағы пышақ пен бейсбол таяғы қылмыс құралына айналғанына алаңдаушылық білдірді. Таяуда Ақтөбеде «Алтын белгі» иегері мектеп түлегін пышақтап, өлтіргені үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста