Арман алға жетелейді

«Арман адамға қанат бітіреді»,- деп, дана халқымыз тегін айтпаған. Менің де бала күнгі арманым, ақ халатты дәрігер атанып, науқастарды емдеу болды. Әрі еліміздің медицинасын дамытуға үлесімді қосып, барынша адал қызмет ету де менің арманым еді. Халқымыздың дені сау болуына өз үлесімізді қосып, көп адамның батасын алу, сондай-ақ болашақта беделді дәрігер деген маман иесі атануды осы жолды таңдаған әрбір медицина қызметкері армандайды. Алға мақсат қойсаң, арман орындалады екен.

Елімізде енгізілген төтенше жағдай кезінде мен Қазақстан мемлекетінің азаматы ретінде, әрі антына адал медицина қызметкері болғандықтан, өз үлесімді қоскым келді. Әріптестеріммен бірге, яғни, Отан соғысы мүгедектеріне арналған Республикалық клиникалық госпитальдің бас дәрігері Даулетбаев Дамир Абайділдаұлының басқаруымен бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бір кісідей атсалыстық.

Жұмыс барысында ауа өткізбейтін арнайы киімді киіп, сонымен ұзақ уақыт жүру, оның ішінде тыныс алуымыздың қиындығы, дәрігерлерге науқастарды қарап тексеру, өкпе, жүрек аускультациясы, медперсоналга керекті манипуляцияларды орындау (тамыр, бұлшық ет ішіне дәрі егу), шұғыл жағдайлар болған кезде басқа дәрігерлердің кеңесін алу қиындық тудырғаны рас. Бірақ, жұмыла көтерген жүк жеңіл,- демекші, бәрін де ақылға салып, барынша дұрыс орындадық деп ойлаймын.

Дәрігердің негізгі міндеті де осы емес пе? Сонымен қатар, аурудың алдын алу, ал егер адам ауырған жағдайда ауру өршуіне апармайтын, керісінше сауығып кетуіне жәрдем жасап, жоғары сапалы көмек көрсету бұл да біздің басты міндеттеріміздің бірі саналады.

Әріптестерімді алдағы кәсіби төл мерекесімен құттықтағым келеді. Дендеріне саулық, отбастарына амандық тілеймін.
Госпитальдің дәрігері Салтанат Толғанбайқызы.
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу