Арыстағы шу: Мектеп-интернатты жауып, ерлер лицейін ашпақшы

Арыстағы шу: Мектеп-интернатты жауып, ерлер лицейін ашпақшы

Түркістан облысында кәсіпкердің ұсынысымен мектеп-интернатты жауып тастамақшы. Арыс қаласындағы 500-ден астам оқушы жатып оқитын білім ордасын таратып, орнына 100 балаға арналған ерлер лицейін ашпақшы. 

 

Ал теміржолшылар мен малшылар және шалғайдағы мектебі жоқ шағын ауылдардың жатып оқитын балалары жан-жаққа таратылмақшы екен.

 

Бұған осындағы мұғалімдер мен ата-аналар қарсы болғанымен, облыс әкімінің қаулысы шығып қойған.

 

Арыстағы жалпы орта білім беретін жалғыз мектеп-интернат биыл 60 жылдығын атап өтуі керек еді. Бірақ той болмайтын болды. Себебі, қыркүйектен бастап мұнда ерлер-лицейі ашылмақшы.

 

Сондықтан осында оқитын 500-ден астам оқушы жан-жаққа таратылады. Ал мектеп интернатта қызмет етіп жүрген 100-ден астам мұғалім мен қызметкерлер басқа жерден жұмыс іздеуі керек.

 

Өңірдегі жалғыз интернатты жабу ірі кәсіпкердің идеясы көрінеді.

 

Төлеген Қыдыров, мұғалім: 

 

- Бір Арыстың үлкен ірі коммерсанты, қалталы, ол сол интернатты сатып алып, осындай ер балдарға арналған лицей мектеп ашпақшы екен. Керемет мектеп интернат, өзі біреу-ақ. Сондай жағдайға қарамай, енді осындай тірлік істеп отқанына біз қатты ашынамыз. Тартып алып жатқанымен бірдей болып тұр. Біз бұған келіспейміз.

 

Мұғалімдердің қарсылығына ата-аналар да қосылылып отыр. Өйткені мұнда теміржолшылардың, малшылар мен шалғайдағы шағын ауылдардың оқушылары жатып оқиды. Енді соларды әр жаққа таратпақ.

 

Ата-аналардың пікірінше, бұл тәлімгерлердің оқуы түгілі, өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

 

Бақытгүл Нұрымбетова, ата-ана:

 

- Судың арғы бетінде Дермене деген ауыл бар. Сол жаққа барып оқиды дейді. Ол жаққа бізді тасымалдайды дейді. Ол ортада көпір бар, ол көпірден балалар қалай жүреді? Одан ары қарай 20 минут жүретін жол, ол екі ортада тоғай. Ол жерден қалай өтеді? Шибөрі жейді баламызды. Бізді алаңдататыны сол.

 

Шенеуніктер 500 орындық мектеп-интернаттың орнына 100 ұлға арналған лицей ашу идеясы кәсіпкерге тиесілі екенін жасырмайды. Бірақ қалталы азаматтың атын айтуға құлықсыз.

 

Атқамінерлердің айтуынша, негізгі мақсат – шетте оқып жүрген арыстық дарынды балдарды туған өлкеге жинау екен.

 

Әшімхан Момбеков, Арыс қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы:

 

- Халықтың көпшілігінің шулайтыны, балалар Назарбаев мектебіне, қазақ-түрік лицейлері болды, әр түрлі лицейлерге кетуіне байланысты жергілікті балаларды тұрақтандырып, жағдай жасау үшін қолға алынған.  Біз кезең-кезеңімен қанағаттандырып істейтін боламыз.

 

- Қалай қанағаттандырасыздар?

 

- Қанағаттандырғанда, басқа интернат жайын ашу арқылы.

 

- Қай жақтан?

 

- Қосымша мектептен орындар бар жағдайда. Орын болатын, мектептерден.

 

Шенеуніктер дайын интернатты жауып, оның орнына басқа жақтан орын іздемекші. Бірақ коммерсанттың емес, облыс әкімінің қаулысына сай жұмыс істеп отырмыз деп ақталады.

 

Ал Арыс түгілі облыстан қайран болмайтынын түсінген мұғалімдер мен ата-аналар енді президенттің атына үндеу жолдамақшы. 

 

 

 

ktk.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста