Астанада 2015 жылы 14 балабақша ашу жоспарланып отыр

Астанада 2015 жылы 14 балабақша ашу жоспарланып отыр

Бүгінгі күні Астанада әр типті 181 мектепке дейінгі мекеме жұмыс жасайды. Солардың қатарында 28 мыңнан астам бала тәрбиеленетін 156 балабақша; 21 мыңнан артық тәрбиеленушісі бар 81 мемлекеттік балабақша, 389 тәрбиеленушісі бар 2 ведомстволық балабақша; бала саны 6 мыңнан асатын 73 жеке меншік балабақша; 3000 астам бала тәрбиеленетін 25 шағын орталық. Білім алатын балалардың жалпы саны 35 мың шамасында.
Астана қалалық Құрылыс басқармасының мәлімдеуінше, өткен жылы қалада балаларға арналған 3 оқу орны пайдалануға берілді. 2014 жылы аяқталады деп жоспарланған басқа оқу орындарының құрылысы 2015 жылдың бірінші кварталына ауыстырылды.
Соған қарамастан, қалада бала саны жыл сайын өсуіне байланысты балаларға арналған мекемелерде орын жеткіліксіз. Балабақшаларда 3-6 жастағы балаларға 37 мыңнан астам орын жетіспеуде. Кезекте тұрған балалар саны 83,5 мың адамды құрайды.
Биылғы жылы 3000 астам орындық 14 балабақша мен 60 орындық балабақшаға қосымша бір ғимаратты пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Мемлекеттік комиссиялардың 720 орындық 3 балабақша бойынша актілеріне қол қойылды:
1) Айнакөл мен Жұмабаев көшелері қиылысы маңында 240 орындық балабақша;
2) Нәжімеденов пен Мирзоян көшелері қиылысы маңында 240 орындық балабақша;
3) Түркістан, Керей мен Жәнібек хандар және Орныбор көшелері кварталфнда 240 орындық балабақша.
2440 орындық 10 балабақша мен 60 орындық қосымша ғимараттың құрылысы жалғасуда:
1) №4 «Аружан» балабақшасына 60 орындық қосымша ғимарат;
2) Сауран мен №24 көшелер қиылысы маңында 240 орындық балабақша;
3) Түркімтан- Орынбор-№25-№26 көшелері қиылысы маңында 200 орындық балабақша; 4) Көктал-2 елді мекенінде 240 орындық санаториялық балабақша;
5) Сығанақ көшесінің оңтүстігінде 240 орындық №1 балабақша;
6) Сығанақ көшесінің оңтүстігінде 240 орындық №2 балабақша;
7) Комсомольский елді мекенінде Қыз Жібек пен Ұлпан көшелері қиылысында 280 орындық балабақша;
8) Комсомольский елді мекенінде Қыз Жібек пен Баян Сұлу көшелері қиылысында 280 орындық балабақша;
 9) №23 көше ауданында (Орынбор мен №36 ортасында) 240 орындық балабақша;
10) Үркер шағын ауданында 240 орындық балабақша;
 11) Айнакөл мен Мирзоян көшелері қиылысы маңында 240 орындық балабақша. 
http://astana.gov.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста