Астанада Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің көрмесі өтті

Астанада Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің көрмесі өтті

Елордада М. Өтемісов атындағы оқушылар сарайында техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің «Астана – тең мүмкіндіктер қаласы» атты жыл сайынғы көрме-фестивалі өтті.
Астана қаласы Білім басқармасының хабарлауынша, жалпы білім беретін мектептердің мыңнан астам 9 және 11 сынып оқушысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары туралы қажетті ақпараттар алды.
Іс-шараның мақсаты жалпы білім беретін мектептердің түлектеріне Астанадағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары туралы қажетті ақпараттарды беру және мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру, мамандықты таңдауға көмек көрсету, сонымен қатар, техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтарының мәртебесін көтеру болып табылады.
Іс-шара аясында қалалық колледждер «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығы бойынша шеберлік дәрістерін ұйымдастырды. Медициналық бағыттағы медициналық-техникалық және «Даналық» медициналық-фармацевтикалық колледждері көпшілік назарына медициналық алдын алу шараларын көрсетті, ал қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі, Технологиялық колледж және Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжі келушілерге өздері дайындаған аспаздық өнімдерді ұсынды. Мұнымен қоса, білім мекемелері жекелеген мамандықтар бойынша студенттердің шығармашылық жұмыстарынан құралған көрмемен таныстырды.
Көрме-фестивальға Жұмыспен қамту орталығының, Астана қаласының кәсіпкерлер палатасының, қалалық кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.
baq.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста