Асхат Аймағамбетовтің баласы қандай мектепте оқиды

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баласының қайда оқитынын айтып берді. Бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек балаларының шетелде білім алып жүргенін айтқан, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Брифинг барысында журналистер Аймағамбетовтің балалары қайда оқитынын сұрады.
"Бұл құпия емес. Мектеп жасындағы бір ғана бала бар - ол мемлекеттік мектепте оқиды", - деді министр.
Сондай-ақ министрі қай емханада тіркелгенін де айтып берді.
"Мен де басқалар сияқты мемлекеттік медициналық ұйымда ем қабылдаймын. Мен Астанада орналасқан емханаға бекітілгенмін. Мемлекеттік емхана. Барлығымыз барып жүргеніміз сияқты. Баламды да сонда апарамын", - деп түйіндеді сөзін Асхат Аймағамбетов.





