Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу

Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінде Ауған соғысының 31 жылдығына орай «Ауғанның оты жылдары»атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті.
Колледж директоры Алмасбек Нөкербанұлы Ауған соғысы тарихына кеңінен тоқталып, кездесуге келген қонақтарға алғыс білдірді.
Іс-шараға Ауған соғысының ардагерлерінен құрылған «Панджшер» тобы шақырылды.
Кеңес сарбаздарының Ауған жерінен қайтып оралғандарына 31 жыл өтті. Жас жеткіншектер соғыс майданына аттанып, соғыс ардагерлері болып оралды. Бүгінде осы ардагерлеріміз Ауған жерінде болған сұм соғыстың қиын-қыстау кезеңдерін, ерлік пен даңқты батыр-қаhармандары туралы естелік айтушы тұлғаларымыз. Сарбаздарымыз өздерінің әскери міндеттерін адал орындап, әскери қызмет соңына дейін нағыз сарбаз атағына лайық бола білді. Ауған соғысы ардагерлері ҰОС жылдарындағы фашизмді жеңген қаһарман ата –бабаларымыздың ерен ерлігін екінші мәрте қайталады.
«Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен оттың астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу – біз үшін бір ғанибет. Уақыт пен тарихтың мәңгі жадында қалған оқиғаларды өз басынан өткерген ағаларымыз бен апаларымыздың айтары да, бізге берер тәлімі де мол.
Шараға қатысқан қонақтарымыз ерліктері туралы баяндап, жастарды өз Отанын сүюге, жаудан қорғауға, өз елінің патриоты болуға шақырды. Өздерінің орындауында патриоттық әндер шырқап, білімалушылар мен колледж ұжымын қуанышқа бөледі.
«Жаратылыстану» пән бірлестігінің жетекшісі Сүтемгенова Жанат апай мен пән оқытушылары Идрисбекова Ғ.С. , Адилова А.Е. , Абирова Ш.А., Ахметқалиева М.Т. Абитаева С. жастар үшін маңызы зор тағылымы мол шараны ұйымдастырып, кейінгі ұрпаққа үлгі етті.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Абирова Шынар





