Балабақша меңгерушісі тәрбиешілерге үйін тазалатып, ас әзірлетіп келген

Қарағанды қаласында "Айналайын балабақшасының меңгерушісі қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін жұмыстан шығарылды.
 
Балабақша тәрбиешілері және басқа да қызметкерлер білім басқармасына ұжымның атынан шағым түсірді. Олардың айтуынша, басшы әйел техникалық персоналды өз үйінде жұмыс істеуге мәжбүрлеген.
 
Онымен қоймай, аспаздарды да отбасына тамақ әзірлеуге міндеттеп отырған. Ал азық-түлік өнімдері балабақша қоймасынан алынды.
 
Кір жуатын әйелдер үйдің кірін жуса, басқалары үйдің ішін тазалап, терезе мен еденді жуып жүрген.
 
Қызметкерлер меңгерушінің заңсыз әрекетіне шыдай алмай, білім басқармасына арыз түсірді. Осыдан кейін оны жұмыстан шығару туралы шешім қабылданды.
 
 
 
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу