«Балаға мейiрiм сыйла!»

«Балаға мейiрiм сыйла!»

Алматы қаласы, Әуезов ауданына қарасты № 42 Жалпы білім беретін мектепте «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы 2018 жылғы 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында өткізілуде. Екі ай бойы жүргізілетін ауқымды шараның мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен қараусыз қалған балаларды мектепке дайындап, қажетті құрал-жабдықтарын алып беру.

Акция аясында мектеп директоры Л.У.Сулейменованың бұйрығы шығып, нақты іс-шара жоспары құрылып, жауапты мамандар бекітіліп, ата-аналарға арналған ақпараттық бұрыш ұйымдастырылды.

Бірінші сыныпқа баратын оқушыларға мереке ұйымдастыру мақсатында мектепішілік «Сіздің балаңыз мектепке дайын ба?» тақырыбында сауалнамалар жүргізілді. «Білім күніне» арналған салтанатты лездеме т.б. іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға көмек көрсету мақсатында оқушылардың отбасы жағдайы басты назарда болып, тұрмысы төмен, жетім, қараусыз, панасыз қалған және көп балалы, сәтсіз отбасында тәрбиеленіп жатқан оқушыларды анықтау үшін рейд жұмыстары ұйымдастырылды. Кәсіпкерлер мен демеушілердің назарын мектепке аудару үшін , оқушыларымызға материалдық және қаржылай көмек беру үшін белсенді атсалысуда, партияның «Бақытты отбасы – бақытты балалық» жобасы аясындада түрлі ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Осындай жұмыстардың нәтижесінде 10 оқушыға қаржылай көмек беріп, мектебіміздің сынып жетекшілері ата - аналарымен бірлесіп 30 дан астам оқушыға кеңсе тауарлары мен азық түліктерден көмектесті, 8 «Д» сыныбының ата-анасы В.Пак 5 оқушыға мектеп формасын алып берсе, кәсіпкер, мектебіміздің ата-анасы, ұстазы Д.Утегалиева 10 оқушыға кеңсе тауарларымен бірге сөмкелер берді.

Айсауле Қарымбай,

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, бастауыш партия ұйымының жетекшісі

 


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста