Балаларды мектепке қабылдау тәртібі өзгерді

Балаларды мектепке қабылдау тәртібі өзгерді

Жаңа тәртіп бойынша сыныптарды білім алушылардың даярлық деңгейі және даму дәрежесі бойынша жасақтауға рұқсат етілмейді. Бұл туралы бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерінде жазылған деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Бұл ережелер білім және ғылым министрлігінің бұйырығымен 12 қазанда бекітілді.

Құжатқа сәйкес, сыныптарды білім алушылардың даярлық деңгейі және даму дәрежесі бойынша жасақтауға рұқсат етілмейді, ал оқушыларды қабылдау білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі.

Бұдан бөлек, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқуға қабылдау баланың ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің келісімімен педагогикалық-медициналық-психологиялық консультация қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады.

Ата-аналар баланың қалауын, жеке қабілетін ескере отырып, білім беру ұйымын таңдайды.

Сонымен қатар, білім беру ұйымына оқуға қабылдаудан бас тартылған жағдайда не істеу қажеттігі анықталған. Мұндай жағдайда баланың ата-анасы немесе өзге заңды өкілдері тұрғылықты жері бойынша білім басқармасына жүгінеді.

Тағы бір атап өтерлігі, балаларды мамандандырылған білім беру ұйымдары, гимназиялар мен лицейлерден басқа мектептерде бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихандар, тестілеулер, сынақтар мен конкурстар жүргізілмейді. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста