Балаларды қорғау күніне арналған байқау жарияланды

Мемлекеттік кірістер органдары салықтық және кедендік сауаттылықты дамыту мақсатында «1 маусым-Балаларды қорғау күнін» мерекелеуге орай, 2015 жылғы 10 сәуірден бастап мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері мен аз қамтылған отбасылардың, ата-ананың қамқорлығынан айырылған және т.б. балалардың арасында Балалардың сурет салу байқауын жариялады, - деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
Байқау екі кезеңнен тұрады. Біріншісі 2015 жылғы 10 сәуірден бастап өңірлік кезеңде өтсе, 20 мамырдан бастап республикалық кезеңде өткізілетін болады.
Жеңімпаздарды бейнелеу өнері саласының сарапшыларынан құралған арнайы қазылар алқасы А3 не А4 форматтағы 10 үздік суретті таңдау бойынша анықтайды.
Байқауға 3 жастан бастап 16 жасқа дейінгі балалар қатыса алады.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады, ал олардың жұмыстары арнайы көрмеде орналастырылатын болады.
baq.kz





