Баланың жігерін қалыптастыратын не? Маман кеңестері
I-BALAQAI жобасында клиникалық психолог, нейропсихолог Назгина Мирза ертегілер балаға қалай әсер ететінін, сондай-ақ баланың жігерін дамуының тәуелділігін түсіндірді және мәжбүрлі түрде сыйлық және мейрамды күту туралы сөз қозғады. Tengrinews.kz сұхбаттың үзінділерінің мәтіндік нұсқасын дайындады.
I-BALAQAI жобасын ұйымдастырушылар - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan Public Fund. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі.
Назгина Мирза бала жігерінің даму компонентіне екі бағыт бойынша қарауды ұсынды:  
Жігер жоғары психикалық функцияны дамытудың негізі болып саналады. Нейропсихологтың сөзінше, ақыл-ой дамуы кем балаларда жігер эмоция төмен болуы мүмкін.
"Бала өзінің жігерін қолына алып, зейін концентрациясын ұстай алмайды. Себебі жігер компоненті өте әлсіз", - дейді маман. 
Мінез күші
"Жігер компоненті бала кезден тәрбиеленеді. Бала есейген кезде тәрбиелеймін деп ойласаңыз, ол қиынға соғуы мүмкін. Оны кішкентай кезінде белгілі бір дағдымен тәрбиеленген бала ғана жеңіл өткереді. Өзінің жігер компонентіңді қосқан кезде бала шыдауға тырысады", - дейді назгина Мирза. 
Оның айтуынша, заманауи балаларын қалағанын бірден алып, есейгенде соңына дейін шыдай алмайтын, күш салып жұмыс істемейтін адамға айналады. 
"Оның салдары қандай болуы мүмкін? Бала бастаған ісін соңына дейін жеткізбейтін болады", - дейді эфир қонағы. 
Сән қуған ата-аналардың жіберетін қатесі
Назгина Мирзаның сөзінше, ата-аналарда қазіргі балалар жеке тұлға деген түсінік қалыптасқан. 
"Олар танымал тілдерде жазылған, байығысы келетін адамдар жазған балалар психологиясы бойынша көп кітап оқи бастайды. Бірақ біздің түсінігімізде: "Ол - тұлға. Оны қинауға болмайды. Балаға қалағанын беру керек" деген ой қалыптасқан", - дейді маман. 
Ересектер тұлға қалыптастырушы негізгі компонент екенін, ал баласы бір күні әлеуметтің бір мүшесі болатынын ұмытып кетеді.  
"Яғни ол дайын емес тұлға. Ата-аналар ненің дұрысғ ненің бұрыс екенін түсіндіреді. Олар тұлғаны басып тастаймын ба деп қорқады. Балалардың ойын алаңында бір байқайтыным, олар баласын ренжітуге жол бермейді, ал басқа баланың көңіліне тиюге болады. Бұл жағдайда салдары жаман болса бөліп қарап, ал кейде шыдамдылық пен түсіністік танытуға болады", - дейді психолог.  
Ертегінің әсері туралы
Ертегі - бала өміріндегі маңызды кезеңнің бірі. Маманның айтуынша, баласына ертегі оқып беретін ата-аналардың саны күн сайын азайып келе жатыр, олар көбіне аудиоертегі қосуды жөн көреді екен. 
"Ата-аналар аудиоертегі баланың ой-өрісін дамытуға көмектеседі деп ойлайды, бұл қате пікір, себебі аудиоертегіде немесе оны көрсететін гаджеттегі сөйлеу өлі. Ол қаншалықты әдемі, әдеби тілде жазылса да сөзі өлі болады. Себебі балада сөз бен образ арасында байланыс болмайды", - дейді маман. 
Сыйлық пен мерекені күту 
"Жаңа жыл ғажайып кез болудан қалды. Көптеген ата-ана "Ол сезімді қалай ояту керек?" деп сұрайды. Егер бұрын балалар сыйлықты асыға күтсе, қазір онлайн, курьер арқылы тапсырыс  бере салуға болады", - дейді психолог. 
Маман бала қалаған ойыншықты бірден алып бере салмауға кеңес берді. Себебі бала сыйлық күткенде онымен ойнау сюжетін ойластырып, қиялына ерік береді. Нәтижесінде ойыншықтың құндылығы арта түседі де бала шыдамды болуды үйренеді. 

РЕКЛАМА 
 
Эфирдің видеожазбасын I-BALAQAI YouTube-каналынан қарай аласыздар.
Оқырмандар, көрермендер мен тыңдаушылар сұхбаттардың үзінділерін Zhuldyz FM, Tengri FM, VOSTOK FM радиостанцияларынан таба алады.
Сондай-ақ, бұл материал подкаст ретінде де қол жетімді, SoundCloud, Anchor.FM, "Яндекс.Музыка" және "ВКонтактеден" тыңдауыңызға болады.
Tengrinews.kz