Балқашта ата-ана қызын ұрған мұғалімнен қарыз екені туралы қолхат алған

Балқашта оқушы ата-анасына мұғалімі оны ұрғанын айтқан. Олар мұғалімге барып, 120 мың теңге қарыз екендігі туралы қолхат жазуын талап етіп, олай етпеген жағдайда сотқа беретіндерін айтқан, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі today.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқушы қыз ата-анасына мұғалімі сабақ үстінде басынан ұрғанын айтқан. Сараптама қорытындысы бойынша, басының кішкене бөлігі ісіп тұрғаны анықталған. Ол денсаулыққа жеңіл зиян келтіретін категорияға жатады. Құқық қорғау органдары бұл жағдайдан ешқандай қылмыстық құқық бұзушылық көрмеген және істі тоқтату туралы қаулы шығарған.
Сол кезде отбасы моральдық шығынды өтеуге байланысты арыз жазған, бірақ мұғалім арызды қайтарып алуларын сұрап, ол ата-анадан 120 мың теңге көлемінде қарыз алғаны туралы қолхат жазып беруге келіскен.
Ақшаны алуды күтпеген ата-ана қарызды қайтаруға қатысты сотқа арыз жазған.
«Сотқа арыз келіп түсті. Арыз жазушы мұғалімнен қарызын қайтаруын сұраған, сондай-ақ негізі ақша түрінде қарыз емес екенін мойындаған», - дейді Балқаш қалалық сотында.
Сол кезде педагог қолхаттың күшін жоюды және оны жарамсыз деп тануды сұрап қарама-қарсы арыз жазған.





