Бас мүфти түлектерге бата берді

Астанадағы «Нұр-Астана» орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы «Жолың болсын, жас түлек!» атты рухани кездесуге қатысып, мектеп бітірушілерге дәріс жүргізді, ҰБТ алдында бата берді, деп жазады «Алаш айнасы» интернет-порталы «БАҚ кз-ке» сілтеме жасап.
Іс-шараға Астанадағы 50-ден астам орта мектептерді бітіруші 2000-нан астам түлек, ұстаздар және ата-аналар комитетінің мүшелері қатысты. Сондай-ақ, Республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбайұлы да оқушыларға насихатын айтып, ізгі тілегін жолдады.
Кездесуді ресми ашқан "Нұр-Астана" орталық мешітінің Бас имамы, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кездесудің маңызына тоқталып: "Мешітте жыл сайын өтетін рухани шараның негізгі мақсаты – оқушылар үшін аса маңызды науқан – ҰБТ қарсаңында түлектерге игі тілек тілеп, рухани демеу білдіру, жігерлендіру", – деді.
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жас түлектерге білім алудың артықшылығы жайлы уағыз айтты. «Білім жолында кедергілер көп кездеседі. Ең бастысы өздеріңізге ұнаған мамандық бойынша оқуға түсіңіздер. ҰБТ-дан сүріну – өмірден сүріну емес. Әрбір сынақта Алланың хикметі, даналығы бар. Алла қаласа сіздердің араларыңыздан академиктер, елге қызмет ететін иманды азаматтар шығатынына сенімдімін», – деді ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы.
Бас мүфтидің оқушы кезіндегі ұстазы, қазірде қалалық №51 мектеп-гимназиясының 11 сынып жетекшісі Заура Мұқашқызы өзінің шәкірті Ержан Маямеровтың бүгінгі жоғары әрі жауапты қызметте жүргеніне мақтанатынын айтты. "Шәкіртімнің үлкен мінберлерде халыққа насихат айтып жүргені мен үшін үлкен мәртебе", – дейді ол.
Шара барысында жастарға «Жас түлекке насихат» деген атаумен арнайы бүктемелер таратылды.
"Жас түлекке насихат" деген атаумен арнайы бүктемелер таратылды.
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу