Білікті ұстаз, талапшаң басшы
Еңбек жолында жол сілтеп, бағыт берер ұлағатты жанның жолыққаны өлшеусіз бақыт екен. Мен мектепке алғаш жұмысқа келгенде қамқоршы, ақылшы болған, қызығы мен қиындығы қатар жүретін ұстаз мамандығының қыр-сырын ұқтырған Ұстазым туралы ой қозғағым келді.
Ол - Алматы қаласы Алатау ауданындағы №154 жалпы білім беретін мектеп директоры Алмасбаева Қаламқас Қалиқызы. Ол мақтауға тұрарлық маман, ұлықтауға тұратын ұстаз. Ол үйретуден жалықпайтын, ықыласы барды ынталандыратын, дарын көрсе демеуге дайын тұратын үстаз.
Қызметтес болған он жыл ішінде ұстаз мамандығының бұлағынан сусындап, өмірлік азық алдым десем артық айтпаған болар едім. Мен ол кісіден сүрінгенді сүйеуді, құлағанды демеуді үйрендім. Жығылғанда жасымауды үйрендім.
«Ұстазы мықтының –ұстамы мықты» дейді. Бүгін мен қандай да бір жетістікке жетсем, ол Қаламғас Қалиқызының еңбегі. Қаламқас апай маман болуды ғана емес, алдымен адам болуды үйретумен келеді.
Қаламқас Қалиқызының еңбекқорлығының арқасында мектебіміз көптеген жетістіктерге жетіп отыр. Білікті ұстаз, талапшаң басшының әлі талай белесті бағындыратынына сеніміміз кәміл.
Сабира Изтлеуова