Білім грантына өтініш тапсыру мерзімі ұзартылды

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш тапсыру мерзімі 30 шілдеге дейін ұзартылды, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
"Талапкерлердің өтініші бойынша БҒМ білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімін 30 шілдеге (қоса есептегенде) дейін ұзарту туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.
Грантқа құжаттарды 2 жолмен тапсыруға болады:
* eGov арқылы (бейне нұсқаулықтар министрліктің желідегі парақшасында көрсетілген);
* ЖОО-ның виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы (талапкерлердің бейне өтініші бойынша ЖОО-лардың виртуалды қабылдау комиссияларының қызметкерлері оқуға түсушімен бірге өтінішті толтырады, барлық сұраққа жауап береді және қажетті білім беру бағдарламасын таңдауға көмектеседі).
Барлық жоғары оқы орындарының тізімі және олармен хабарласу тәсілдері туралы ақпаратты мына сілтеме арқылы жүктеп алуға болады.
Конкурстың нәтижесі 15 тамызға дейін белгілі болады.





