Білім министрі Назарбаев Университетіндегі арандатушылық плакатқа қатысты пікір білдірді

Білім министрі Назарбаев Университетіндегі арандатушылық плакатқа қатысты пікір білдірді

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Назарбаев Университетіндегі кабинеттердің бірінде «Zа наших» жазбасы бар плакатқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Барлық азамат заң алдында тең, заңнама талаптары бәріне бірдей таралады. Сондықтан олар заңнамаға қайшы ұстанымын білдірсе, онда жауапкершілікке тартылады. Осы жағдай бойынша әзірге хабарсызбын. Екіншіден, Назарбаев Университеті автономды мәртебеге ие, Білім және ғылым министрлігіне есеп бермейді», - А. Аймағамбетов.

 

 Министрдің пайымынша, қандай мамандық иесі болса да, осындай заңға қайшы әрекет жасауға болмайды.

 

 

 

«Егер қандай да бір қадаммен заңнаманы бұзса, барлығы секілді жауапкершілікке тартылады. Мұғалімдерге қатысты тоқталсақ, бізде педагог этикасының кодексі бар және онда барлығы нақты жазылған. Олар осы этикалық ұстанымдарға, талаптарға сәйкес болуы керек. Оның аясында ата-аналармен, балалармен, өздерінің әріптестерімен қарым-қатынаста аталған ұстанымдарды ескеруі керек. Оларға өздерінің позициясын, соның арасында саяси ұстанымын басқаға міндеттеуге жол берілмейді», - деді министр.

 

«Олар білім береді және оны тек оқыту бағдарламасы аясында жүргізуі керек. Ал заңнама талаптарын бұзатындай өзінің саяси ұстанымын немесе насихатын міндеттеуге рұқсат етілмейді», - деді А. Аймағамбетов.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста