Білім саласындағы былықты ашық айтқан депутат ашуланып, залдан шығып кетті

Білім саласындағы былықты ашық айтқан депутат ашуланып, залдан шығып кетті

Сосын депутат қызуқандылыққа салынып, отырыстың соңын күтпей, Мәжілістен кетіп қалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Экспресс К-ға сілтеме жасап.

Кеше Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ирина Смирнова білім саласындағы қордаланып қалған мәселелерді көтерді.

 

Мектепте болып жатқан жағдай өте маңызды. Егер мектептегі білім сапасыз болса, мемлекеттің болашағы жоқ. Бұл туралы айтудан шаршамаймын. Бұрынғы министр Аслан Сәрінжіповтың кезіндегі оқу бағдарламасына біз қарсы шықтық. Осы жерде сол адамдар отыр, — деді Ирина Смирнова.

 

Ол Аслан Сәрінжіпов министр болып тұрғанда "Қазақстан географиясы" мектеп бағдарламасынан алып тастағысы келгенін айтты. Бұл пән қоғамдағы резонанстан кейін қалдырылған болатын.

 

Қазір оқу бағдарламасында жаңартулар болып жатыр. Ал шын мәнісінде не болып жатқанын бәріміз білеміз. Кітаптарда қате көп. Өзара байланыс та жоқ. Балаларына білім беріп жатқан ата-аналарға алғыс айтамыз, — дейді депутат.

 

Ол қазіргі оқушылар "стахановшылар" сияқты мектептен кейін репетиторлардан, шетелдік интернет-мектептерден дәріс алатынын айтты. Өйткені жақсы білім алу үшін бәрі қосымша сабақтарға баруға мәжбүр.

 

Барлық жерде қосымша оқиды. Интернет арқылы шет елден білім алады. Ал білім саласына бөлініп жатқан қаржы балалардың, халықтың мүддесіне жұмсалмай отыр. Себебі онда проблема шаш етектен, — дейді Ирина Смирнова.

 

 

Ол осы ретте оқу бағдарламасын жаңарту мәселесін мәжілісте тағы талқылау керектігін ұсынды. Сосын микрофонын өшіріп, орнынан тұрып кетті.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста