Бір сөзінің өзі 550 доллар тұратын Джон Кехо деген кім?
Атақты психолог, бизнес-тренер әлемді аузына қаратқан Джон Кехоның мотивацияға толы кітаптары милиондаған тиражбен таратылды. 1934 жылы Торонто қаласында туған атақты тренер зерттеу жұмыстарын бастау үшін 1975 жылы елден тасада, ормандағы үйде өз жұмыстарын бастайды. Бұл кезде ол жиырма сегіз жаста еді. Арада үш жыл өтісімен, қалаға қайтып келіп, 1978 жылы алғашқы тренингтерін бастап, адамдардың өмірін өзгертуге атсалыса бастайды.
Танымал тренер алдымен мимен жұмыс істей білудің маңызын атап өтеді. Бүгінде бестселлерге айналған кітаптарының бірі «Подсознание может все» кітабын кез-келген өмірін өзгерткісі келген адам сүйіп оқиды. Бұл кітапты қазақшаға Мырзагелді Кемел «Түйсігіңмен ойлай біл» деп аударған. Автор бұл кітапта алдымен ми қызметі және оны басқарудың жолдары туралы айтады. «Өз-өзіңе деген сенімділік және негативке жол бермеу, жолыңды ашады» дейді. Ақша мен байлық, өз күшіңді дұрыс жұмсай білу, бойдағы энергияны басқару жайлы жазып өткен. Сонымен қатар, көрермен көзайымы мен көзқуанышына айналған «Деньги, успех и вы», «Практический курс и счастья», «Квантовый воин и сознание будущего» кітаптарын әлемнің бұрышынан табуға болады.
Алдымен адам ойын өзгертіп, аффирмациялар (мотивацияға толы жақсы сөздер-ред.) айту қажет. Бұл мотиватордың тренингін бастай сала айтатын кеңестерінің бірі. Қаржылай тәуелсіздікке қол жеткізгісі келген адам санасына табыскердің ойлау жүйесін енгізуі керек. Санасын қорқынышқа емес, сенімге толтыра білу керектігі туралы да баса айтады. Джон Кехо арнайы шақыртумен Астана мен Алматы қалаларына да келіп кеткен. 2018 жылы Алматыда өткізілген семинар бағалары стандарт 45 мың, бизнес 100 мың, ары қарай вип орындар 180 мың теңгеден сатылған. Ең жоғарғы вип билеттерді ала отыра, спикермен бірге түскі ас ішіп, фотоға түсу бақытына ие боласыз.
Бір дәрісінің өзі аз ақша тұрмайтын бизнес-тренер әлемде санасын өзгертіп, милиондаған қаражат табатын бизнесмендер мен мыңдаған адамның рухани ұстазы, мотиватор-жетекшісі. Оның сабағына келушілердің саны күннен күнге артып келеді.
Бүгінде сексен бес жасқа толған Джон Кехо жұбайымен ғана тұрады. Олардың балалары жоқ. Адамдарға жол сілтеп, өмірін өзгеруге септігін тигізуді басты мақсат еткен. Елу төрт жылдан бері бірнеше еңбек жазып, әлемге танылған психолог-лектор Канаданың батысында орналасқан Ванкувер қаласында тұрады. Терезесі биік тау мен мұхитқа қарай орналасқан жұмыс бөлмесінде шабыттана отырып тың туындысын жазады