Биыл ҰБТ 5 рет өткізіледі – тестілеу орталығы

Ұлттық тестілеу орталығы 2023 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты мәліметтерді көпшілік назарына ұсынды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі орталықтың facebook парақшасына сілтеме жасап.
ҰБТ-2023 ТАПСЫРАТЫН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА!
ҰБТ жылына 5 рет өткізіледі:
- қаңтар, наурыз, тамыз айларында – ақылы оқуға түсу үшін (3 рет);
- мамырдан бастап маусымға дейін (негізгі) – грантқа түсу үшін (2мүмкіндік).
КІМДЕР ҚАТЫСА АЛАДЫ?
* ағымдағы жылдың мектеп түлектері – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгіге;
* өткен жылғы мектеп түлектері – наурыз, тамыз және негізгіге;
* колледж түлектері –наурыз, тамыз және негізгіге;
* қандастар – наурыз, тамыз және негізгіге;
* шартты түрде оқып жатқан студенттер – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгіге;
* басқа БББТ-ға ауысуға ниетті шығармашылық мамандықтардың студенттері – қаңтар, тамыз айларында;
* ақылы негізде «педагогикалық ғылымдар» білім беру саласына ауысуға ниетті студенттер – қаңтар, тамыз айларында.
ҰБТ-НЫҢ ФОРМАТЫ:
- 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік);
- Барлық тест тапсырма саны – 120. Ең жоғары балл – 140;
- Тестілеудің жалпы уақыты: 4 сағат (240 минут).
Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларының мәндес бағыттарына оқуға түсуші колледж түлектеріне арналған ҰБТ форматы:
* 2 пән (жалпы кәсіптік +арнайы);
* Тестілеудің жалпы уақыты – 2 сағат (120 минут);
* Тест тапсырмалар саны – 60. Жоғары балл саны – 70;
* Шекті балл – кемінде 25 балл, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласына – кемінде 35 балл;
ӘР ПӘН БОЙЫНША ШЕКТІ БАЛЛ – 5 БАЛЛ.





