Депутаттар мектепке секс-сабақтарды енгізуді ұсынды

Депутаттар мектепке секс-сабақтарды енгізуді ұсынды
Ұлыбритания парламентінің депутаттары бастауыш мектептің бағдарламасына сексуалдық тәрбие беру сабақтарын енгізу қажет деп санайды. Олардың ойынша, балалар тек еркек пен әйел арасындағы жыныстық қатынас туралы ғана емес, бір жыныстылар арасындағы секс жайында да білуі тиіс. "Соның арқасында педофилдік әрекеттер сияқты қылмыстардан сақтануға болады", - дейді олар. Sky News телеарнасының хабарлауынша, бүгінде халық қалаулылары жастардың сексуалдық сауаттылығын көтеру саласындағы мемлекеттің жұмысына қанағаттанбай отыр. Олардың айтуынша, бастауыш және жоғары сыныптардың оқушылары ондай ақпаратты білуге құқылы. Бірақ олардың секс-сабақтарға бару-бармауын ата-аналар шешуі тиіс. Депутат Грэм Стюарттың сөзіне қарағанда, секс туралы ақпараттың арқасында жастар өз денсаулығын сақтап қана қоймай, қауіпсіздік шараларын да сақтай алады. Мәселен, бастауыш сынып оқушылары сол сабақтар арқылы жыныстық қатынастың қай түрі дұрыс екенін біледі. Сөйтіп, кәмелет жасқа толмағандарға қатысты сексуалдық эксплуатацияның алдын алуға болады. Қазір британ мектептерінде сексуалдық қатынас мәселесі тек жаратылыстану ғылымдары аясында ғана көтеріледі. Оның өзі "жыныстық қатынас арқылы берілетін аурулар" тақырыбы кезінде 14-16 жастағы оқушыларға оқытылады. Ұлыбританияның білім министрлігі аталған пәнді енгізуге қарсы емес. Алайда оған дейін аталған сабақты оқытудың сапасын көтеріп алған жөн.
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста